457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жәнібек Әлімханұлы тағы жекпе-жекке шығуы мүмкін

IMAGE: ©malimsports.kz

Орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы үшінші белбеу - WBC нұсқасы үшін жекпе-жек өткізуге жақындап қалды.

Орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы үшінші белбеу - WBC нұсқасы үшін жекпе-жек өткізуге жақындап қалды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл туралы оның менеджері Берік Сұлтан Tengri Sport тілшісіне мәлімдеген. Бұған дейін испан журналисі Фернандо Сабатини Жәнібек пен WBC чемпионы Карлос Адамес арасындағы жекпе-жек 22 қарашада Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді деп хабарлаған болатын. Алайда кейін келіссөздердің уақытша тоқтатылғанын да айтқан. Соған қарамастан, Әлімханұлының командасы келіссөздердің 85–90% деңгейінде аяқталғанын, қарсылас пен жекпе-жек уақытына байланысты ресми хабарлама жақында жарияланатынын жеткізді. Қазір боксшы АҚШ-тың Калифорния штатындағы Бриххаус қаласында Брайан Вилориямен бірге толық жаттығу лагерін бастап кеткен.

 

"Бұл – үлкен жекпе-жек болады. Көптен күткен кездесу, біз де асыға күтіп отырмыз", –



деді менеджер.

Егер жекпе-жек жүзеге асса, жеңімпаз бірден үш чемпиондық белбеудің иесі атанбақ: WBO, IBF және WBC. Бұл - абсолютті чемпион болуға бір қадам қалды деген сөз. Қазіргі таңда WBA белбеуі кубалық Эрисланди Ларада.