Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Спорт
Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегінде белбеулерін сәтті қорғағаннан кейін, енді титулдарды біріктіруге ұмтылады.
Бұл туралы BBC Sport журналисі Бобби Джексон жазды.

5 сәуір күні Астанада «Қазақ стилі» француз үміткері Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутқа түсірді.

"Әлімханұлы биылғы жылдың соңына қарай орта салмақтағы белбеулер жиынтығын толықтырғысы келеді. Оның көздеп отырған қарсыластары – WBC чемпионы Карлос Адамес және WBA чемпионы Эрисланди Лара", – деп жазды автор.

Сондай-ақ соңғы уақытта Жәнібек Әлімханұлы төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек өткізгісі келетіні де айтылды.

Айта кетейік, Нгамиссенгемен болған жекпе-жектен кейін Әлімханұлы «Канелоны» жекпе-жекке шақырған болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу