Жеңілістен көз ашпаған «Атырау» футбол командасы құрбандық шалды

Алайда, оларға құрбандық көмектеспеді

Malim Админ

  • 06.05.2025

«Атырау» футболшылары Премьер-лиганың жетінші турындағы «Ордабасыға» қарсы ойын алдында ерекше діни рәсім жасады.


Ол кезде команда турнирдегі алғашқы алты ойында қатарынан жеңіліп, нәтижесіздіктен арылу үшін дәстүрлі құрбандық шалу рәсіміне жүгінді. Футболшылар арнайы құрбандыққа қой шалып, команданың жолын ашуға тырысты.

"Атырау" ФК бас менеджері Дидар Сыдықбек құрбандық шалудың өз себебі бар екенін айтып,  «болмай қалған жолымызды Алла тағала ашсын деп осындай кішігірім жиын жасап жатырмыз»,- деп түсіндірді.

Алайда бұл әрекет те көмектеспеді – өз алаңында өткен кездесуде «Атырау» «Ордабасыға» 1:2 есебімен есе жіберді.

Фото: видеодан скрин 

Байланысты жаналықтар

Бүгін – Құрбан Айт!

16.06.2024

Биыл құрбандықты онлайн шалуға болады

10.06.2024
MalimBlocks
Бүгін – Құрбан Айт!

Ел азаматтары құрбандығын онлайн форматта да шала алады

Биыл құрбандықты онлайн шалуға болады

Ет мұқтаж жандарға таратылады