Бүгін – Құрбан Айт!

Ел азаматтары құрбандығын онлайн форматта да шала алады

Мәди Саматұлы

  • 16.06.2024

Бүгін әлем мқсылмандарының ең ұлық мейрамы – Құрбан Айт! Елімізде құрбан шалу рәсімі биыл да офлайн және онлайн форматта өтіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

«Құрбан» сөзі араб тілінде «жақындау» деген мағынаны білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал «Айт» – «мереке», «мейрам», «қуаныш» деген сөз.

ҚМДБ ел азаматтарына, әсіресе қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2024.kz сайтын іске қосты. Құрбандық шалу рәсімін басқа біреуге тапсырып, оны осы істе өкіл етуге дінімізде рұқсат берілген. 

Былтыр мүфтият қызметкерлері «Раббың үшін құрбан шал» қайырымдылық жобасы аясында 1 104 тонна құрбандық етін 123 594 отбасына, сонымен қатар, мүгедектер, зағиптар қоры, ауруханалар мен ардагерлер үйіне жеткізіп берді. Шара биыл да жалғаспақ.

Құрбандық еті әсіресе, су тасқынынан зардап шеккен отандастарымызға, қараусыз қалған қарттарға, жалпы әлеуметтік аз қамтылған отбастарына таратылмақ.

Айта кетейік, бүгінде әлем мұсылмандары қасиетті Мекке қаласында қажылық парызын өтеп жатыр. Солардың қатарында 5 мыңнан астам отандасымыз бар.

Фото: kazislam.kz

Байланысты жаналықтар

Құрбан айтта қанша күн демаламыз?

10.05.2025

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

08.05.2025

Жеңілістен көз ашпаған «Атырау» футбол командасы құрбандық шалды

06.05.2025

Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады

01.04.2025

Алғаш рет ораза ұстайтындарға пайдалы кеңес

20.02.2025

2025 жылы діни күндер кестесі бекітілді

16.10.2024
MalimBlocks
Құрбан айтта қанша күн демаламыз?

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

Жеңілістен көз ашпаған «Атырау» футбол командасы құрбандық шалды

Алайда, оларға құрбандық көмектеспеді

Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады

Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтің бірі – жеке куәлікті ауыстыру, сәуірдің аяғына дейін онлайн-форматқа ауыстырылады​​​​​​​

Алғаш рет ораза ұстайтындарға пайдалы кеңес

2025 жылы діни күндер кестесі бекітілді

Ораза айы 1 наурызда басталады.