freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ШҚО жастары: Жаңа Конституция – ел дамуының кепілі

Қоғам
ШҚО жастары: Жаңа Конституция – ел дамуының кепілі
Фото: ШҚО әкімдігі

Бүгін Шығыс Қазақстан облысындағы Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында «Біз - жаңа халықтық Конституция үшін» атты республикалық жастар форумы өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов пен еліміздің әр түкпірінен келген Жас белсенділер мектебінің мүшелері қатысты. 

«Өңіріміз 17 аймақтың жастарын біріктірген маңызды диалог алаңына, жаңа бастамалар мен мазмұнды пікір алмасулардың орталығына айналып отыр. Бұл жерде тың идеялар туындап, жас буынның азаматтық ұстанымы қалыптасып, ел дамуына бағытталған нақты ұсыныстар айтылады деп сенемін. Баршаңызға мәлім, Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Жаңа Ата Заңда Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені нақты бекітілген!», - деді облыс әкімі. 

Сөз соңында Нұрымбет Сақтағанов елдің даму жолында жастардың рөлі ерекше екенін атап өтіп, республикалық жас белсенділер мектебінің жұмысына сәттілік тіледі.

Одан соң жиналғандар өз баяндамаларын ұсынып, Конституциядағы өзгерістердің маңыздылығына тоқтады. Қатысушылар жаңа Ата Заң жобасын толықтай қолдайтындықтарын білдірді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу