Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Су тасқынынан 7 адам қаза тапты»: ІІМ ақпаратты жоққа шығарды

Қоғам
«Су тасқынынан 7 адам қаза тапты»: ІІМ ақпаратты жоққа шығарды

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев БАҚ таратқан су тасқынынан 7 адам қаза тапты деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол үйлер мен нысандарды су басу салдарынан азаматтардың қаза болу фактілері тіркелмегенін айтты.

Жалпы республика бойынша көктемгі су тасқыны аясында адам өлімінің бес фактісі тіркелді. Атырау облысында төрт жағдай және Ақтөбе облысында бір факт. Қаза тапқандар арасында кәмелетке толмағандар жоқ, - деді ІІМ ресми өкілі.

Оның айтуынша, адамдардың қаза болу фактілері бойынша тергеу жүргізілетінін айтты.

Бұл жерде Ақтөбе облысында бала тайып, таяз суға құлаған жағдай айтылды. Барлық жағдайда өлім қауіпсіздік шараларының талаптарын бұзуға байланысты болды. Біреу өз бетімен өзеннен өткісі келді, біреу эвакуациядан кейін су тасқыны аймағына оралғысы келді. Барлық факт бойынша тексеру, тергеу жүргізіліп жатыр, - деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу