ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша 325 учаскеде қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz.
«Сол учаскелердің бойында 93 шақырым жол мен түрлі ғимараттар орналасқан. Егер көшкін жүрсе тұрғындардың өміріне қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан 112 қызметінен ескертулер жасалса, қауіп-қатерден аулақ болыңыздар және қар көшкіні қаупі бар жолдармен жүрмеңіздер», – деп ескертті құтқарушылар.
Айта кетсек, облыс бойынша қар көшкіні қаупі бар кезең сәуір айына дейін созылады. Осы аралықта бұқара тауға шықпас бұрын ауа райы жағдайын қатаң ескеруі қажет.