freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шығыс Қазақстанда судағы қауіпсіздік күшейтілуде: бүгін екі жаңа құтқару нысаны іске қосылды

Қоғам
Шығыс Қазақстанда судағы қауіпсіздік күшейтілуде: бүгін екі жаңа құтқару нысаны іске қосылды
ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысында бүгін құтқару инфрақұрылымының бірден екі жаңа нысаны пайдалануға беріледі. Оның бірі - Өскемен қаласында Ертіс өзенінің жағасындағы «Самал» саябағында орналасқан заманауи құтқару станциясы. Екінші құтқару модулі Алтай ауданындағы Бұқтырма су қоймасының жағалауында ашылады.

Екі нысанның бір күнде іске қосылуы – өңірдегі су айдындарындағы қауіпсіздік жүйесін күшейту жолындағы маңызды қадам. Әсіресе жаз мезгілінде су жағасында демалатын тұрғындар мен қонақтардың саны артып, қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттілігі туындайды.
Өскемендегі жаңа станцияда төрт құтқарушы тұрақты кезекшілік атқарады. Нысан қажетті құрал-жабдықтармен және екі жүзу құралымен – «Қазбот-53» металл қайығы мен гидроциклмен жабдықталған. Мамандар Ертіс өзенінің тиісті аумағын тұрақты бақылап, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етеді.


Салтанатты ашылу рәсіміне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қатысты.

«Бүгін Өскеменнің көрікті орындарының бірі «Самал» саябағында маңызды нысанды ашып отырмыз. Бұл – ең алдымен адамдардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған заманауи құтқару станциясы. Біз үшін кез келген инфрақұрылымдық жобаның басты өлшемі – оның адамға пайдасы. Жаңа станция құтқарушылардың жұмысын тиімді ұйымдастырып, су айдынын тұрақты бақылауға және төтенше жағдай кезінде қажетті көмекті дер кезінде көрсетуге мүмкіндік береді», – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Бұдан бөлек, бүгін Бұқтырма су қоймасында тағы бір жаңа нысан жұмысын бастайды. Биыл салынған құтқару модулі бақылау бекеті мен мамандарға арналған жұмыс бөлмесінен тұрады. Ол жағалауда жұмыс істеп тұрған құтқару бөлімшесінің қызметін толықтырып, су қоймасы аумағындағы бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.
Екі жаңа құтқару постының капсулаларының кілттерін салтанатты түрде облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов табыстады.

«Жаңа нысандар қауіпсіздік жүйесін одан әрі күшейтіп, өңірдегі су айдындарында демалуды тұрғындар үшін қауіпсіз етуге мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деді облыс әкімі.

Сонымен қатар бүгін Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің гарнизонына төрт жаңа арнайы техника берілді. Оның қатарында жол талғамайтын өрт сөндіру және жедел-құтқару көліктері бар. Арнайы техника төтенше жағдайларға дер кезінде ден қоюға және адамдарды құтқаруға арналған. Техниканың кілттерін құтқарушыларға ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов табыстады.
Шара барысында азаматтық қорғау жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарға Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хаттары да табысталды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу