Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкент кәсіпкерлері салық реформасын талқылады

Қоғам
Шымкент кәсіпкерлері салық реформасын талқылады

Шымкент кәсіпкерлері ұсынылып отырған салық реформаларын талқылады

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында бизнес өкілдері ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергеновпен кездесті. Жиында алдағы салық реформалары, соның ішінде ҚҚС мөлшерлемесін арттыру мәселелері талқыланды. Басқосуға әкімдіктің, мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері және мәслихат депутаттары қатысты.

Кездесу барысында кәсіпкерлердің салалық кеңестерінің өкілдері бизнес атынан сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Атап айтқанда, Шымкент қаласы ӨКП Өңірлік кеңесінің мүшесі, «Керемет-Оңтүстік «бөбекжай бағы» ЖШС басшысы Диана Қараманова әлеуметтік мекемелерді ҚҚС-тан босатуды немесе қызметтердің қолжетімді болуы үшін салықтық жеңілдіктер беруді ұсынды.

Қорытындылай келе, вице-министр Бауыржан Құдайбергенов барлық ұсыныстар жинақталып, сарапталып, жұмыс барысында ескерілетініне сендірді.

Фото: Үкімет 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу