Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкентте биыл 20 мектеп пайдалануға беріледі

Мәдениет
Шымкентте биыл 20 мектеп пайдалануға беріледі

Шымкент қаласында жыл соңына дейін 20 мектеп пайдалануға беріледі. Бұл 10 222 орынға арналған түрлі деңгейдегі мектептер. Оның төртеуі мемлекет тарапынан, он алтысы жекеменшік мектеп болмақ.

Мемлекет тарапынан салынып жатқан төрт  мектептің құрылысы жалғасып жатыр. Шымкент қалалық құрылыс басқармасының мәліметіне сүйенсек, құрылысы былтыр басталған мектептер жаңа оқу жылы басталғанға дейін дайын болады. Яғни, шымкенттіктер биыл оқу жылын төрт бірдей жаңа мектеппен бастайды. Бұлар: Тұран шағын ауданында 1200 орындық; Тоғыс тұрғын алабындағы №120 мектепке 300 орындық қосымша ғимарат; Сайрам тұрғын алабындағы 300 оқушыға арналған қосымша мектеп; Сайрам тұрғын алабындағы 120 оқушыға арналған қосымша мектеп.

Биыл тағы 8 мектептің құрылысы басталмақ. Бұл мектептер де қалалық құрылыс басқармасымен салынатын болады. Сонымен қатар, 600 орындық №45, 65, 72 мектептердің және Оқушылар сарайының жобалары әзірленуде. Жалпы, Шымкентте 2025 жылға дейін 72 мектеп салу жоспарланған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу