Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тамақ жеткізу қызметіне қойылатын жаңа талаптар бекітілді

Құқық
Тамақ жеткізу қызметіне қойылатын жаңа талаптар бекітілді

ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті ҚР СТ 3988-2024 «Қоғамдық тамақтану қызметтері. Тұтынушылардың тапсырысы бойынша қоғамдық тамақтандыру өнімдерін жеткізу. Жалпы талаптар» құжатын бекітті.


Құжат 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

Стандартты ҚР СИМ Сауда комитетінің бастамасы бойынша Қазақстан стандарттау және метрология институты әзірледі.

- Осы стандартты қолданудан қоғамдық тамақтандыру өнімдерін жеткізу нарығындағы талаптардың ашықтығы мен бірізділігі қамтамасыз етіледі.Тұтынушылардың көрсетілетін қызметтерге деген сенім деңгейі артады және Қазақстан Республикасында азық-түлік қауіпсіздігі жүйесінің нығаюына ықпал етеді, - деп атап өтті Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекова.

Мысалы, стандартқа сәйкес курьерлерде медициналық тексеруден өткені туралы белгісі бар белгіленген үлгідегі жеке медициналық кітапша болуға тиіс және олар кәсіби гигиеналық дайындықтан өтуге, сондай-ақ жалпы қабылданған нормалар мен мінез-құлық ережелерін басшылыққа алуға тиіс.

Бұдан басқа, қоғамдық тамақтандыру өнімдерін тапсырыста көрсетілген орын бойынша тұтынушыларға жеткізу кезінде және тапсырыстарды беру пункттерінде қаптаманың тасымалдау барысында сыртқы зақымдануын анықтау үшін тапсырыстағы өнімді тексеру мүмкіндігі берілуге тиіс.

Қабылданған стандарт мейрамханалардың, кафелердің, логистикалық компаниялардың және курьерлердің тамақ жеткізу қызметінің сапасын арттыруға арналған.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу