Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тасқын аймақтарында үй құрылыстары онлайн бақыланады

Экономика
Тасқын аймақтарында үй құрылыстары онлайн бақыланады

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Sergek Group» компаниясымен және 6 облыстың әкімдігімен бірлесіп, тұрғын үй құрылысын онлайн бақылаудың бірегей жүйесін іске қосты. Ол құрылыстың ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін керек, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрліктің мәлімдеуінше, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарындағы құрылыс нысандарында 50 бейнекамера орнатылып, оның 30-ы іске қосылды. Бұл шара құрылыс жұмыстарының барысын тәулік бойы бақылауға, сондай-ақ, азаматтарға gov.kz порталы арқылы онлайн-хабарламаларға тікелей қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынынан зардап шеккен елдімекендердегі тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын бақылау және үйлестіру үшін Ахуал орталығын құрды. Бүгінде Ахуал орталығы шығынды өтеу бойынша барлық талапты қарап, әр ауылда, аудан орталығында, қалада құрылыс барысын қатаң қадағалап отыр.

Министрлік қызметкерлері өңірлерге барып, құрылыс нысандарын аралап, мәселені сол жерде шешіп, жұмыстардың жай-күйін тексеріп жүр. Онлайн бейнебақылау құрылыс пен жөндеу жұмыстарының барысын жылдам бақылауға және берілген мерзімнен кешіккен жағдайда, жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді, дейді Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова.

Бұл бастама құрылыс жұмыстарын жүргізудегі жариялылықты арттыруды қамтамасыз етіп, оның үстіне, ықтимал проблемаларға жедел әрекет етуді жеңілдетеді. Бұл табиғи апаттардың салдарын тез арада жою және зардап шеккен азаматтарды сапалы баспанамен қамтамасыз ету үшін аса маңызды.

Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу