freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркия Ираннан ұшырылған тағы бір баллистикалық зымыранды қағып түсірді

Әлем
Түркия Ираннан ұшырылған тағы бір баллистикалық зымыранды қағып түсірді
Фото: depositphotos.com

Түркия Қорғаныс министрлігі 9 наурыз, дүйсенбі күні НАТО-ның әуе және зымыранға қарсы қорғаныс жүйелері Түркияның әуе кеңістігінде Иран аумағынан ұшырылған баллистикалық зымыранды атып түсіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz “Анадолу” агенттігіне сілтеме жасап.

Хабарламада айтылғандай, оқ-дәрінің бірқатар бөлшектері Газиантеп провинциясындағы шөлейт аумаққа құлаған. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар жоқ.

Ведомство Түркияның көрші елдермен тату қарым-қатынас пен өңірлік тұрақтылыққа үлкен мән беретінін атап өтті.

“Алайда еліміздің аумағы мен әуе кеңістігіне бағытталған кез келген қауіп-қатерге қарсы барлық қажетті шаралар батыл әрі еш күмәнсіз қабылданатынын тағы да атап өтеміз”, – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Зымыран жойылғаннан кейін Түркия президенті әкімшілігі Иранды өңірдегі шиеленісті одан әрі ушықтырмауға шақырды.

“Өңірдегі шиеленістің күшеймеуі және қақтығыстардың кең аумаққа таралмауы аса маңызды. Біз барлық тарапты, ең алдымен Иранды, өңірлік қауіпсіздікке қатер төндіретін және бейбіт тұрғындарға қауіп төндіруі мүмкін әрекеттерден бас тартуға тағы да батыл түрде шақырамыз”, – деді Түркия президенті әкімшілігінің коммуникациялар басқармасының басшысы Бурханеттин Дуран.

Еске сала кетейік, бұған дейін НАТО-ның әуе қорғанысы Иран зымыранын Түркияға жетпей жойған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу