Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адам ұсталды

Қоғам
Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адам ұсталды

Әлеуметтік желілерде ер адамның өз әкесін ұрып жатқан сәті түсірілген видео тарады. Полиция күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, олардың нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жарияланған жазбаларда қарт кісі қайтыс болып, жүйелі түрде таяқ жеп келгені айтылады. Ал видеоны күдіктінің әкесі көз жұмғаннан кейін көршісі жариялағаны жазылған. Бұл ақпаратқа қатысты полиция түсініктеме берген жоқ, себебі ҚПК-нің 201-бабына («Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу») сілтеме жасады.

Фото: видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу