Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістанда келін енесін тонап, алтын әшекейлерін тартып алып, ломбардқа өткізген

Қоғам
Түркістанда келін енесін тонап, алтын әшекейлерін тартып алып, ломбардқа өткізген
Malim.kz / ЖИ

Түркістан облысында полицейлер 8,5 миллион теңге көлеміндегі пәтер ұрлығын ашты. Күдікті ретінде жәбірленушінің өз келіні анықталған, деп хабарлайды Malim.kz. 

Polisia.kz жазуынша, полицияға облыс тұрғыны үйінен алтын әшекейлер мен ақшаның жоғалғаны туралы арызбен жүгінген. Оқиға бойынша жедел-тергеу тобы құрылып, тексеру барысында күдікті ретінде жәбірленушінің келіні ұсталған.

Тергеу мәліметінше, келін мамыр айынан бері енесінің үйінен алтын бұйымдар мен қолма-қол ақшаны ұрлап отырған. Келтірілген жалпы материалдық шығын 8,5 миллион теңгені құраған.

Сондай-ақ, ұрланған алтын әшекейлерді келін ломбардтарға өткізіп, түскен қаржыны құмар ойындарға жұмсағаны анықталды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу