Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ТЖМ украиналықтарды құтқарған бейнежазбасын жариялады (ВИДЕО)

Қоғам
ТЖМ украиналықтарды құтқарған бейнежазбасын жариялады (ВИДЕО)

Украина азаматтары түнде Алматы облысында тау ішінде адасып кетіп, 112 нөміріне қоңырау шалып, көмек сұраған, деп хабарлайды Malim.kz.

Құтқарушылар туристерге көмек көрсету үшін тауға аттанған.

Ауа райының бұзылғанына қарамастан, РЖҚЖ құтқарушылары 88 шақырымнан астам жолды жүріп өтіп, Талғар ауданының Бутаков шатқалына дейін келген. Одан соң жаяулатып отырып Лесная асуына қарай көтеріле бастағанда екі Украина азаматы: ер мен әйел адамды тауып алған. Оларға жылы киім мен шай берілген, одан соң қауіпсіз жерге түсуіне көмектескен.

Туристер медициналық көмек сұрамаған.

Фото: ТЖМ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу