Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украина шабуылы: “Путин сарайының” маңында өрт шықты

Әлем
Украина шабуылы: “Путин сарайының” маңында өрт шықты

Украин дронынан кейін шыққан өрт Путин резиденциясына таяп қалды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Өртті сөндіруге бірнеше күннен бері 400-ден астам маман мен 102 техника жұмылдырылған. Олардың қатарында Бе-200ЧС амфибия ұшағы, Ил-76 және екі Ми-8 тікұшағы бар.

Алғашында Криница ауылының маңында тұтанған өрт 42 гектар аумақты шарпыған, кейіннен оны 39 гектарға дейін оқшаулау мүмкін болған. Криница ауылынан небәрі 10 шақырым жерде Идокопас мүйісі орналасқан. ФБК тергеу дерегінше, онда Ресей президенті Владимир Путинге тиесілі делінетін сарай бар.

«Маңызды оқиғалар» басылымының хабарлауынша, өрт ошағы резиденциядан 3-4 шақырым қашықтықта болуы мүмкін. Ал The Insider мәліметінше, тағы бір ошақ Путиннің “Криница шарап зауытынан” бір шақырымнан да аз жерде шыққан.

Фото: https://t.me/dwglavnoe

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу