Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украина тұтқынға түскен екі қазақ жігітін босатты

Саясат
Украина тұтқынға түскен екі қазақ жігітін босатты

Пасха мейрамына байланысты Ресей мен Украина тұтқындар алмасты. Олардың арасында соғысқа қатысқан екі қазақ жігіті Ресейге қайтарылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ресейлік «Наш выход» қоғамдық қозғалысының мәліметінше, Пасхадағы бітім аясында тұтқындар алмасуы болды. Әр тараптан 246 адам босатылды. Сонымен қатар, Украинаға 31 жараланған әскери қызметкер қайтарылып,ал Ресей 15 жараланған сарбазды алды. Олардың арасында  2005 жылы туған Егамбердиев Шерхан Жұманазарұлы мен 2002 жылы туған Ордабаев Ерболат Дулатұлы бостандыққа шыққан.

Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин 19 сәуір күні кешке Украинадағы барлық әскери іс-қимылдарды уақытша тоқтату туралы бұйрық берді. Украина басшысы Владимир Зеленский бұл бастаманы қолдап, тыныштық кезеңін 30 күнге ұзартуды ұсынды.

Фото: видеодан скрин

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу