Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлттық ұлан офицері адамдарға қару кезенген бұзақыны тоқтатты

Оқиға
Ұлттық ұлан офицері адамдарға қару кезенген бұзақыны тоқтатты

Петропавл қаласында Ұлттық ұлан офицері айналасындағы адамдарға қару кезенген бұзақыға тойтарыс берді, деп хабарлайды  Malim.kz.

Оқиға кешкі уақытта болған. Капитан әскери қызметтен тыс уақытта туыстарынан қайтып келе жатып, аулада қолында тапаншаға ұқсас заты бар, мас адамның адамдарға қоқан-лоқы көрсетіп жатқанын байқайды. Әскериді көрген бұзақы тапаншаны офицерге қарай бағыттаған.

Алайда капитан шұғыл әрекет етіп, жедел қимылмен қарсы шабуыл жасап, бұзақыны жерге құлатып, оны қозғалыссыз күйде ұстады. Ол хулиганды полиция қызметкерлері келгенше бақылауда ұстап, кейін құқық қорғау органдарына тапсырды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп жатыр.

Фото: ІІМ Ұлттық ұлан баспасөз қызметі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу