Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлытау облысында 900 гектарлық агрокешен салынады

Экономика
Ұлытау облысында 900 гектарлық агрокешен салынады
© Ұлытау облысының әкімдігі

Ұлытау облысының Кеңгір ауылында «Kengir agro» кешенінің құрылысы басталды. Аталған орында суармалы егіншілік, мал бордақылау алаңы, сүт фермасы сынды ірі жобалар жүзеге асады.

Бастама – «Отбасылық ферма» жобасының аясында қолға алынған. Мақсат – өңірде ішкі өнім қорын молайтып, экономиканы әртараптандыру және жаңа жұмыс орындарын ашу.

Қазіргі таңда кешен аумағында әкімшілік-шаруашылық ғимарат, жұмыскерлерге арналған жатақхана, асхана, мал бордақылау алаңы, қора-жайлар мен қойма салынуда. Жалпы 901 гектар аумақтың 500 гектары мал азығын дайындау үшін пайдаланылады. Ол үшін тамшылатып суару әдісі қолданылады. Қазіргі уақытта қажетті құрылғылар жеткізілді. 45 мың куб су көлеміне арналған қазаншұңқыр қазылуда.

Айта кетерлігі, құрылыс барысында облыс аумағында өндірілетін материалдар қолданылып жатыр.

«Бұл – соңғы отыз жылдықта біздің өңірде болмаған жоба. Тамшылатып суару әдсімен аталған аумаққа мал азығы, жем-шөп өсіріледі. Қажетті қорды дайындаған соң 500-ге жуық асыл тұқымды ірі қара сиыр әкеліп, бордақыланады. Нәтижесінде алдағы екі жылда өзіміздің сүт өнімдерін дайындайтын ферма пайда болмақ»-

деді ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Алмат Саухимов.

«Отбасылық ферма» - еш облыста баламасы жоқ жоба. Қазіргі уақытта оның аясында Жаңаарқа ауданының Түгіскен, Алғабас, Айнабұлақ, Орынбай ауылдарында да фермалардың жұмысын жүргізу қарқын алды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу