freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлытау облысында тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды

Қоғам
Ұлытау облысында тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
ortcom.kz

Ұлытау облысында құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ринат Алматов мәлімдеді.

Биыл облыста барлық қаржыландыру көздері есебінен 111,4 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда жеке инвестициялар есебінен 14 коммерциялық тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 2026 жылы жалпы ауданы 73 мың шаршы метр болатын 14 тұрғын үй аяқталып, 833 отбасы баспаналы болады деп күтілуде.

Сонымен қатар өңірде әлеуметтік нысандар құрылысы да жалғасуда. Қаражал қаласында жабық хоккей корты мен көпфункционалды орталық салынып жатыр. Жезқазғанда оқушылар сарайы мен автодром құрылысы аяқталуға жақын. Ал Ұлытау ауылында жаңа ауылдық аурухана бой көтеруде. Бұдан бөлек, Жаңаарқа ауданында инклюзияны қолдау орталығы мен бірнеше спорт нысанының құрылысы басталды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу