freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Ұсынысты қабыл алдым": Мөлдір Мұқан асыға күткен қуанышты хабарын сүйіншіледі

Қоғам
"Ұсынысты қабыл алдым": Мөлдір Мұқан асыға күткен қуанышты хабарын сүйіншіледі
Мөлдір Мұқан. Фото: Malim.kz

Продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында шығармашылығына қатысты қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің айтуынша, ол "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы түсіріп жатқан жаңа телехикаяға шақырту алған. Мөлдір Мұқан бұл ұсынысты бірден қабылдағанын жеткізді.

Жаңа туындыда ол Ерлан есімді кейіпкердің жұбайын сомдайды. Сериал дәрігерлердің еңбегі, олардың қоғамдағы орны мен адам өмірін сақтаудағы жауапкершілігі туралы болмақ.

"Осы жаздың ерекше жаңалығы – сериалға түсу туралы ұсыныс. Әрине қабыл алдым! Қай телеарнаға, қандай жанрдағы сериал екенін айтамын. Ең бастысы, көрерменге ұнайтын сериал болатынына сенемін. Бұл – мен үшін өмірімдегі, өнер жолымдағы ерекше жаңалығымен келген жоба болды. Шақырту келгенде өте үлкен қуанышқа бөленіп, маған сондай сенім артқанына қуанғаным рас. Бұл жерде менің сомдайтын рөлім – Ерлан мырзаның жұбайымын. Кино туралы айтатын болсақ, үлкен тақырып қозғалады. Ақ халатты абзал жандар… Ол кісілердің жұмысы көзге көрінбейді. Дегенмен де түрлі сынақ түсіп, осындай дерттерге ұшырап алған уақытта ол кісілердің қадірін түсініп жатамыз. Сол жүкті кино арқылы елге жеткізіп жатқан осы ұлттық арнаға және киноның барлық мүшелеріне алғысымды білдіргім келеді", – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мөлдір Мұқан ұшақта орындаған әнін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, оқырмандарына жүрекжарды жазба арнаған.

Мөлдір Мұқан кім?

Мөлдір Мұқан – қазақ өнерінде әнші, актриса және продюсер ретінде танылған өнер иесі. Ол шығармашылық жолында түрлі жобаларға қатысып, кейін жеке бағытта да жұмыс істей бастады.

Соңғы жылдары Мөлдір Мұқан тыңдармандарына жаңа әндер ұсынып, шығармашылық жобалармен айналысып жүр. Оның туындыларында махаббат, отбасы, ана мейірімі, әйел тағдыры және өмірлік құндылықтар тақырыбы жиі көрініс табады. Өнер иесі әлеуметтік желіде де белсенді. Ол оқырмандарымен өміріндегі маңызды сәттерді, шығармашылық жаңалықтарын және түрлі мәселелерге қатысты ойын бөлісіп отырады. Мөлдір Мұқан ана болу, бала тәрбиесі, отбасылық құндылықтар мен әйелдің қоғамдағы орны туралы да жиі пікір білдіреді. Оның көпбалалы ана екені көпшілікке белгілі. Сондықтан бала тәрбиесі мен аналық жауапкершілікке қатысты жазбалары оқырмандар арасында жиі талқыланады. Ол отбасы мен балаға ерекше мән беретінін бірнеше сұхбатында және әлеуметтік желідегі жазбаларында көрсетіп келеді.

Мөлдір Мұқан үшін шығармашылық тек ән айтумен шектелмейді. Ол продюсерлік және актерлік бағытта да өзін сынап, түрлі жобаларға қатысып жүр. Өнер иесі көпшілік алдында табиғи болмысын көрсетуге тырысады. Оның әлеуметтік желідегі жазбаларында өмірлік тәжірибесі, аналық сезімі мен шығармашылық ізденісі қатар байқалады. Бүгінде Мөлдір Мұқан қазақ шоу-бизнесінде әнші, актриса әрі продюсер ретінде танылып, шығармашылығын бірнеше бағытта жалғастырып келе жатқан өнер өкілдерінің бірі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу