Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Вашингтонда ұшақ апатқа ұшырады. Бортта 64 адам болған

Әлем
Вашингтонда ұшақ апатқа ұшырады. Бортта 64 адам болған

АҚШ астанасы Вашингтонда CRJ700 жолаушылар ұшағы тікұшақпен соқтығысып, Рейган атындағы әуежайға жақын жердегі өзенге құлады. Бұл жөнінде "Америка дауысына" сілтеме жасап azattyq.org жазды.

Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмысы жүріп жатыр.

American Airlines әуе компаниясындағы дереккөзге сүйенген Reuters ұшақтың бортында 64 адам болғанын жазды. Зардап шеккендер туралы ақпарат толықтырылып жатыр. Reuters-тің жазуынша, тікұшақ бортында үш әскери қызметкер болған. Олар туралы ақпарат әзірге жарияланбады.

Судан 19 мәйіт шығарылған. Әзірге, тірі қалғандар табылмады,- деп жазды BBC сайты.

АҚШ азаматтық авиациясы федералдық басқармасының хабарлауынша, сәрсенбі күні кешкі сағат 9 шамасында PSA Airlines әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы қонуға бет алғанда Sikorsky H-60 тікұшағымен соқтығысқан.

Ұшақ American Airlines рейсін атқарған және Вичита (Канзас) қаласынан Вашингтонға ұшқан.

Фото: pixabay  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу