Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Халық әртісі Болат Аюханов өмірден өтті

Мәдениет
Халық әртісі Болат Аюханов өмірден өтті

Халық әртісі Болат Аюханов өмірден өтті

Қазақ балетінің аңызына айналған, Қазақстанның халық артисі, балетмейстер, педагог Болат Аюханов 85-ке қараған шағында өмірден өтті. Қаралы хабарды  Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры хабарлады. Болат Аюханов 1938 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Өнертану профессоры, Халықаралық ақпараттандыру Академиясының академигі.

Халық артисі 1965-2010 жылдар аралығында қазақстандық композиторлардың музыкасына 30-дан астам балет, 150 концерттік нөмір қойған. «Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. «Платина Тарлан» (2000), «Алтын Адам» (2008) сыйлықтарының, мемлекеттік сыйлықтардың иегері.

Болат Аюханов бірнеше фильмде де ойнаған. Олардың арасында «Тоғызыншы ұлдан сақтан», «Несібелі», «Айдай сұлу Айсұлу туралы ертегі» кинотуындылары бар.         

  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу