Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Янукович: Мен Украинаның НАТО-ға кіруіне әрдайым қарсы болдым

Әлем
Янукович: Мен Украинаның НАТО-ға кіруіне әрдайым қарсы болдым

«РИА Новости» Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің видеомәлімдемесін жариялады. Онда ол елдің Еуроодаққа қосылуын қолдағанын, бірақ Украинаның НАТО-ға кіруіне әрдайым «қатаң әрі сенімді түрде қарсы болғанын» айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Агенттіктің хабарлауынша, Янукович журналистермен сөйлескен, алайда бейнежазбаның нақты қайда, қашан және қандай себеппен түсірілгені белгісіз.

Януковичтің видеосы ШЫҰ саммитінде Ресей президенті Владимир Путиннің «Украинадағы дағдарыс – Батыс қолдап, арандатқан мемлекеттік төңкерістің салдары» деген мәлімдемесінен кейін пайда болды.

Бұл – Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруінен бергі Януковичтің алғашқы бейнеүндеуі.

Еске салайық, Виктор Янукович 2014 жылы Киевте Еуроодақпен ассоциация туралы келісімге қол қоюды үкімет тоқтатқаннан кейін басталған жаппай наразылықтар кезінде Ресейге қашып кеткен еді.

Фото: видеодан кадр 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу