Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жамбыл облысында ірі жол апатынан екі полицей қаза тапты

Қоғам
Жамбыл облысында ірі жол апатынан екі полицей қаза тапты

Жамбыл облысында ірі жол апаты болып, 6 адам қаза тапты. Оның екеуі патрульдік полиция қызметкері, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиғаның мән-жайы Kris_p_almaty телеграм-арнасында жарияланды. Дереккөзге қарағанда, тамыздың 16-сынан 17-сіне қараған түні «Меркі-Шу-Бурылбайтал» республикалық маңызы бар автожолдың 39 шақырымында «Тойота Альфард» маркалы көлік жүргізушісі Меркі ауданы жағынан Шу ауданы бағытында келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, «Шкода Октавия» патрульдік көлігіне соққан.

Оқиға салдарынан «Тойота Альфард» көлігінде өрт шыққан. Ал «Шкода Октавия» көлігіндегі екі полиция қызметкері сол жерде жан тапсырған.

«Тойота Альфард»-тан да 4 жолаушы оқиға орнында қаза тауып, тағы төртеуі Меркі ауданының орталық аурузанасына жатқызылған.

Фото: t.me/kris_p_almaty_official

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу