Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жаңа жыл мерекесінде пиротехникадан 63 адам зардап шекті

Денсаулық
Жаңа жыл мерекесінде пиротехникадан 63 адам зардап шекті

Жаңажылдық мерекеде пиротехникалық құралдарды пайдаланудан 63 адам, оның ішінде 20 бала зардап шекті, деп хабарлайды Malim.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, оның 12-сі, оның ішінде 5 бала стационарға емдеуге жатқызылған. Қалған 51 пациент, оның ішінде 15 бала амбулаториялық ем алып жатыр.

Өңірлер бөлінісінде: 

Алматы қаласында - 19 адам;

Жамбыл облысында - 11 адам;

Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында - 6 адам;

Ақтөбе облысында - 2 адам;

Ақмола, Қызылорда, Атырау және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында және Абай облысында - 1 адамнан зардап шеккен.

Зардап шеккендердің барлығында көз жарақаттары, көздің мөлдір қабығының күйіктері, қолдың күйіктері мен жарақаттары диагнозы қойылған. Бір пациент ішперде қабырғасының жарақатын алған. Жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, тұрақты, стационарда ем қабылдау үстінде.

Фото: Астана әкімдігі 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу