Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Жас әншіні есінен танғанша ұрған Мұқасан Шахзадаев полициядан қашып жүр" – Заңгер

Шоу-бизнес
"Жас әншіні есінен танғанша ұрған Мұқасан Шахзадаев полициядан қашып жүр" – Заңгер
ашық дереккөзден

"Нұр-Мұқасан" тобының бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаев жас өнерпаз Ғалымжан Сүлейменді аяусыз соққыға жыққаннан кейін полициядан қашып жүр. Бұл туралы жәбірленушінің заңгері Инга Иманбай мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Даудың әнге байланысты туғаны белгілі болған. Ал соққыға жығылған Ғалымжанның жағдайы өте ауыр екен.

"Заңгердің айтуынша, жас әнші есінен танғанша ұрылған. Ғалымжан есінен танығанша ұрылған! Оны алда операция күтіп тұр. Мұқасан Шахзадаев тарапынан аяусыз соққыға жығылған қорғауымдағы азамат – танымал әнші әрі актер Ғалымжан мырзамен кездестім. Оның қазіргі жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер қолының сынғанын, мұрнының сынғанын, бетінің қатты ісіп-көгергенін растады. Алдағы күндері мұрнына жарақаттан кейінгі күрделі ота жасалмақ. Бұл тек денсаулыққа келген зиян емес. Бұл – адамның өміріне, еңбегіне, шығармашылығына жасалған қастық. Ғалымжан мырза дәл қазір түсіріп жатқан фильмінің жұмысы тоқтап тұр. Оның кесірін 40 адамнан тұратын бүтін бір кино тобы тартып отыр. Себебі бет-әлпеті қатты жарақаттанған адам камера алдына шығуға жарамайды. Бұл – нағыз масқара жағдай", – деп жазды Инга Иманбай.
 

Оның сөзінше, бірнеше өнер өкілінің өз әріптесін жабылып ұруы – қоғам үшін үлкен дабыл.

"Ең сорақысы – мәдениет саласының өкілдері өз әріптесін жабылып ұрып, есінен тандырып жібергені. Бұл – өнер адамына ғана емес, жалпы қоғамға жасалған жабайылық, адамшылықтан безген әрекет. Ал полиция болса, әлі күнге дейін "Мұқасан Шахзадаев қашып жүр, табылмай жатыр" деп мәлімдеуде. Сіздер бұған шынымен сенесіздер ме?.." – деп жазды заңгер.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу