Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Жас жігітті ұрды" делінген Мұқасан Шахзадаев қанша жылға сотталуы мүмкін?

Шоу-бизнес
"Жас жігітті ұрды" делінген Мұқасан Шахзадаев қанша жылға сотталуы мүмкін?
ашық дереккөзден

Мұқасан Шахзадаевқа қатысты тергеу шеңберінде оның 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін "Нұр-Мұқасан" тобының жаңа мүшесі Ғалымжан Сүлеймен танымал әншінің өзіне қол көтергенін ашық айтып, бұл жағдай әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырған. Қоғамның назарын аудартқан оқиғадан кейін 22 қараша күні Ғалымжан Сүлеймен полицияға шағым түсіріп, бірнеше адамның оған шабуыл жасағанын мәлімдеген. Тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалған.

Жәбірленушінің адвокаты Инга Иманбайдың айтуынша, Ғалымжан Сүлеймен ауыр жарақат алған: оның қолы сынған, мұрны сынған, беті қатты көгерген және мұрнына күрделі хирургиялық ота жасалған. Адвокат бұл жағдайды тұрмыстық жанжал емес, "қасақана денсаулыққа зиян келтіру" деп бағалап отыр.

Адвокаттың сөзінше, іс ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігі – "адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бабы бойынша тергелуде. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір тергеу жалғасып жатыр, күдіктілерден жауап алынуда. Ал негізгі фигуранттардың бірі Мұқасан Шахзадаев бұл оқиғаға қатысты әзірге ешқандай пікір білдірмеді. Көпшілік оның ресми жауабын күтуде.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу