Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жигули Дайрабаев Respublica төрағасына қарсы мәлімдеме жасады

Саясат
Жигули Дайрабаев Respublica төрағасына қарсы мәлімдеме жасады

Қазақстанның бас фермері, «Ауыл» партиясының мүшесі  Жигули Дайрабаев Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаровқа қарсы мәлімдеме жасады.  

«Жақында Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров «фермерлер біздікі» депті. Біріншіден, фермерлер «біздікі», «олардыкі» дейтіндей саған зат емес! Фермерлерді қорға, дамыт, бірақ іріткі салма», деді ол. 

Сондай-ақ, Дайрабаев Қожаназаровты еңбек адамдарын бөлмеуге,  Парламентке бару үшін заң талаптарын білуге шақырды.

«ГМО лоббисті екеніңді естідім. Соларды өсіргеніңді өзің де айттың... ГМО-ның адамға зияны жоқ екені дәлелденбеген... Ауылға зиян келтіруге жол бермейміз», - деді Жигули Дайрабаев.

Тапсырыс беруші: «Ауыл» ХДПП; «Ауыл» ХДПП сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу