Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Зор үміт күтеді

Мәдениет
Зор үміт күтеді

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының халқымызға жасаған еңбегі өлшеусіз. Ол елдің  ұлт боп ұйысуына, оның ағарту саласын дамытып қана қоймай, келешегін жарқын етуге сүбелі үлес қосқан көрнекті  мемлекет қайраткері.  Артында мәңгі өшпес із қалдырған осындай кемеңгер тұлғаның мерейтойын ЮНЕСКО көлемінде тойлануы өте құптарлық шара екендігі даусыз.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевың Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық шараларына қатысу үшін, Торғайға келетіндігін естіп қуанып жатырмыз. Бұл жақсы бастама! Қ.Тоқаевтың келуі облыстың оңтүстік өңірлерінің әлеуметтік мәселелеріне, экономикалық дамуына  үлкен серпін береді ғой деп ойлаймын.Торғай үшін экономикалық мәселе қашанда бірінші орында тұр.

Әрине, Ұлт ұясы - Торғай рухани құндылықтан ада емес. Бірақ, экономикалық-әлеуметтік дамуы кемшін түсіп тұр.  Қазіргі таңда Торғай өңірінде  шешімін күткен мәселе көп.  Мемлекет басшысы осы жолы оның жан-жақты дамуына нақты көңіл бөледі деген сенім бар. Қасым-Жомарт Кемелұлы  жергілікті атқарушы билікке нақты тапсырма берсе құба-құп.  Жұртшылық, жалпы облыс тұрғындары Қ.Тоқаевтың Торғай сапарынан  үлкен үміт күтіп отыр.

Алмасбек Әбсадық, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ профессоры, ахметтанушы

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу