Статьи по теме: Ұларбек Нұрғалым мақалалары

Найдено 1 вариантов:

Ұларбек Нұрғалым. Қар суымен кеткен жылқы
Әдебиет

Талай дастархан басында айтылып, ауыздан-ауызға аңыздай таралған осы бір әңгімені қағазға түсірудің сәті түспей-ақ қойғаны. Сізге өтірік, бізге шын, «жазамын» деп оқталғалы төрт-бес жылдың жүзі болыпты. Қаншама рет бапталып отырып бастамақ болғам, неге екенін қайдам, көкейдегі көркем әңгіме ақ қағаз көрсе аттай үркіп ала қашады. Одан кейін маңына жуытпайды. Құлағына қол апартпай осқырынып, одырайып. Ал енді қағаз-қаламыңды тастап құр қол, қара жаяужақындасаң басын шұлғи аяңдап, оқыранып өзі келеді жаныңа. Сөйтіп, жалынан сипап, жайдақ мініп дегендей біраз жерде тыңдағанның құлақ құрышы қанып еді. Тіпті қазақы әңгімеге жаны құмар кей ағалар іздеп келіп  арнайы тыңдағанын да айта кету артық болмас. Енді бір гәп. Айтылып жүрген соң, ауыздан құлаққа жеткен соң, талай қалам ұстаған қазақ бар емес пе, ептеп жазылады да. Шыны керек, осы әңгімені тыңдап алып, жақындарына оқыта қою үшін қағазға түсіруді сұраған қанша адамға сол жазылған нұсқаны нұсқап жіберетінмін... Алайда солардың көбі «анау жері жөн екен», «мынау жері кем екен» дегендей қоңылтақсып қайтты. Дегенмен ол нұсқалар да толықсыз болғанына қарамастан өз оқырманын тауып өте жақсы бағаланды. Бұл тұрғыдан ол қаламгерлерге алғыстан өзге айтар жоқ. Енді сол әңгімемізді шаңырақ салған сары атандай ырғалтып, ықтияттап отырып тағы бір баяндап берсек.

  • 12.02.2025