Шымкенттік мұғалім Алматының төрінен пәтер ұтып алды

Malim Админ

  • 09.12.2020

Halyk Bank «Хан-Тәңірі» тұрғын үй кешеніндегі ұтысқа қойылған 3 пәтердің екіншісін ойнатты.

Halyk Bank-тің "Ай сайынғы пәтер ұтыс ойыны" акциясының кезекті жеңімпазы анықталды. Шымкент қаласындағы ұстаз Алматы қаласындағы "Хан-Тәңірі" тұрғын үй кешенінен жап-жаңа, жайлы пәтер ұтып алды.

Әлімжан Оразов Шымкент қаласындағы №95 орта мектепте оқытушы-психолог болып жұмыс істейді, үш баланың әкесі. Қарапайым ұстазға «Алматыда пәтерім болады» деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмеген. Бірақ қараша айында Halyk Bank-тің «Ай сайын пәтер ұтыс ойыны» атты ауқымды акциясының арқасында Алматы қаласындағы «Хан-Тәңірі» тұрғын үй кешеніндегі ұтысқа тігілген 3 пәтердің бірінің иесі атанды.
Әлімжан Оразов пәтерді ұтып алу үшін бар-жоғы Halyk Bank-тен өзге банктегі автокредиттін қайта қаржыландырған. Осылайша ол автоматты түрде пәтерлердің ұтыс ойынына қатысқан.

- Шымкентте отбасым, жұбайым, үш балам, сүйікті жұмысым бар, - дейді Әлімжан Оразов, - тұрғылықты жерімді ауыстыру, басқа қалаға көшу деген жоспарым мүлде болған жоқ. Біраз уақыт бұрын Halyk Bank арқылы өзге банктегі автокредитімді қайта қаржыландыру туралы шешім қабылдадым. Сол кезде банк менеджерлері мені автоматты түрде Алматыдағы пәтерлер ұтыс ойынына қатысатыным туралы хабардар етті. Мен мұны назарға алдым, бірақ шынымды айтсам, көп мән бермедім, себебі Халық Банктің менен де басқа клиенттері көп қой. Бірақ күтпеген жерден міне, қуанышты хабар! Жұбайыма, отбасыма, жақындарым мен жерлестеріме жақсы жаңалықты бөлісуге асықтым. Бірінші Алланың, екінші Halyk Bank-тің арқасында автокөлігім де пәтерім де бар! Клиенттерге және барлық қазақстандықтарға осындай мүмкіндіктерді жіберіп алмай, оларды пайдалануға кеңес бергім келеді.

Шымкенттік Әлімжан Оразов Halyk Bank-тің пәтерлер ұтысынан жеңімпаз болған жалғыз мұғалім емес. Қазан айында Алматы облысы Қарасай ауданы Ұлан ауылының мұғалімі Ғалияш Барлыбаева пәтер ұтып алған болатын.

Осы ұстаздар тәрізді өзге қазақстандықтар да акцияға қатысып, пәтер ұтып алу науқанында бағын сынап көре алады. Ол үшін 2020 жылдың 20 желтоқсанына дейін Halyk Bank-тен 50% жеңілдікпен немесе 24 айға дейін артық төлемсіз бөліп төлеуге зат сатып алып, ай сайын Homebank қосымшасындағы кез келген төлемді жасағаныңыз жеткілікті.

Тарқатып айтсақ, "Ай сайынғы пәтер ұтысы" науқанына қатысу үшін Halyk Bank бөлімшесінен 2020 жылдың 20 желтоқсанына дейін 500 мың теңгеден басталатын сомада кепілсіз несие алу керек. Сондай-ақ банк бөлімшесіне бармай-ақ Homebank қосымшасы арқылы 200 мың теңгеден басталатын онлайн несие алғандар да науқанға қатыса алады. Тағы бір артықшылығы, Homebank қосымшасында 200 000 теңгеден басталатын сомаға онлайн-бөліп төлеуді рәсімдегендер де науқанға қатысады.

Бұдан бөлек Homebank-те әр айдың 20-сына дейін (қараша, желтоқсан) кемінде 1000 теңге төлем жасағандар да акцияға қатысады.
Halyk Bank-тің жеңімпаздарды анықтау жолы ашық және айқын. Акцияның барлық шарттарын орындаған жеңімпаздар Halyk Bank қызметкерлерінің, сондай-ақ лицензияланған нотариустар қатарынан тағайындалған тираждық комиссияның қатысуымен Банктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде кездейсоқ сандарды генерациялау әдісімен анықталады.

«Halyk Bank-тен ай сайын пәтер ұтысы» акциясы бойынша несие алып, несие ақысын Homebank-тегі қызметтерге арқылы төлеп, Алматының беделді ауданындағы «Хан-Тәңірі» тұрғын үй кешенінен жаңа пәтер ұтып алыңыз!
Акция бойынша барлық соңғы жаңалықтар - Halyk Bank-тің Instagram, (@halykbank.kz), Facebook аккаунттарында жарияланып отырады. Акция туралы соңғы жаңалықтардан хабардар болып, ұтыс ойынының күні мен нәтижелері туралы білу үшін ресми аккаунттарға жазылыңыз.

Байланысты жаналықтар

Пандемия банк депозитіне қалай әсер етті?

14.12.2020

Halyk Bank-тен IPhone ұтып ал!

14.12.2020

Halyk POS кәсіпкер мен тұтынушыны көп қиындықтан құтқарды

14.12.2020

 Halyk Bank кәсіпкерге қас қағым сәтте шот ашады

11.12.2020

Halyk Bank тегін газ қосып беріп, жүректерді жылытты

10.12.2020
MalimBlocks
Пандемия банк депозитіне қалай әсер етті?

Halyk Bank-тен IPhone ұтып ал!

Halyk POS кәсіпкер мен тұтынушыны көп қиындықтан құтқарды

 Halyk Bank кәсіпкерге қас қағым сәтте шот ашады

Halyk Bank тегін газ қосып беріп, жүректерді жылытты