Halyk Bank кәсіпкерге қас қағым сәтте шот ашады
Кез келген кәсіпкерге уақыт ақшадан қымбат! Ал кәсібін жаңа бастаған азаматқа уақыт екі есе қымбат. Кәсіп банк шотынсыз жүрмейді. Ал шот ашу – банк бөлімшесіне бару, кептелекте тұру, кезек күту, қағаз толтыру, тағысы тағы. Мұның бәрі уақыт алады. Ал Halyk Bank-те бәрі басқаша. Halyk Bank кәсіпкердің уақытын алмайды. Қайта көп әуреден құтқарады.
Мәселен, клиенттермен тиімді қарым-қатынас жасауды басты мақсат деп білетін Halyk Bank тұтынушыларға барынша қолайлы мүмкіндіктерді іске асыруда. Осы мақсаттың бірі ретінде Банктің кәсіпкерлерге ұсынған жаңа қызметін айтуға болады. Жеке кәсіпкерлер енді шотты онлайнда аша алады. Банк енгізген онлайн-онбординг жүйесі жеке кәсіпкерлер шоттын небәрі 10 минутта ашып береді.
Онбординг дегеніміз - бөлімшеге келмей-ақ, банктен шот ашып, барлық қызметті қашықтан алу қызметі.
Жалпы, кез-келген заңды тұлғаның, компанияның банкте есеп шоты болуы тиіс. Ал есеп шот ашқан банк қызметі кәсіпкерге қолайлы әрі тиімді болса, онда оның кәсібінің тез дамуына кепіл болмақ. Осы қағиданы берік ұстанған Halyk Bank енді тек өз клиенттеріне ғана емес, кез келген тұтынушыға онлайн шот ашу мүмкіндігін ұсынады. Ол үшін сіз тек қана видеотексерістен өтіп, банктің барлық тауарлары мен қызметтерін ала аласыз.
Halyk Bank ірі қаржылық институт бола тұра, жеке кәсіпкерлер үшін шотты онлайн ашуға мүмкіндік берген алғашқы банктердің бірі.
Шотты қалай ашамын?
Жеке кәсіпкер openaccount.onlinebank.kz сайтына кіріп, өз ұялы телефон нөмірін жазады, бұл нөмір электронды үкімет порталындағы мобильді азаматтар дерек қорына байланған болуы тиіс. Келесі қадам, электронды үкімет порталына тіркеліп, Onlinebank порталында тексеріс және тіркелу процесінен өту керек.
Онлайн шот ашу жобасын іске қосуда жаңаша банк атқарымдары, OAuth Egov.kz (ҚАТ АҚ), Электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ), Liveness онлайн видео тексеріс жүйелері қолданылды.
“Halyk Bank-те енгізілген және жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін шотты Онлайн ашу-бұл әлемдік өлшем бойынша бірегей жоба. Жұмыс барысында көптеген жаңа технологиялық компоненттер іске асырылды, беделді консультанттар, Мемлекеттік онлайн сервистер тартылды, жұмысқа жаңа тәсілдер қолданылды. Ең бастысы, Onlinebank қосымшасын жүктеу қажеттілігін атап өтейік, себебі банк қызметін сыртқа шықпай, осы қосымша арқылы жүзеге асыруға болады.
Halyk Bank шағын және орта бизнес бойынша сату департаментінің директоры Альфия Жексенбайның айтуынша, бұл жобаға Қазақстанда теңесер жоба жоқ. “Halyk Bank енгізген кәсіпкерлерге онлайн шот ашу қызметі - әлемдік өлшемдерге сәйкес жасалған бірегей жоба. Жұмыс барысында көптеген жаңа технологиялық компонент іске асырылды, беделді консультанттар, мемлекеттік онлайн сервистер тартылды, жаңа тәсілдер қолданылды”, - дейді маман.
Halyk Bank ұсынған онлайн шот ашу сапалы цифрлық сервисін кесіпкерлер қашықтан ала алады. Осылайша, қазақстандық банк заманауи тиімді әрі оңтайлы тәсілдермен отандық кәсіпкерлікті дамыта түспек.