Halyk Bank тегін газ қосып беріп, жүректерді жылытты

Malim Админ

  • 10.12.2020

Қаладағы жер үйде газ болмаса, қыста бүрсең қағып, қиындық көрудің қандай қиямет екенін жалғыз басты ана Гүлбахрам Бултаковадан артық ешкім білмес, сірә. Көмір тасып, пеш жағу үйде отырған адамға жеңіл шығар. Бірақ, күні бойы жұмыста жүрген анаға үйде қараусыз қалған балаңа, бықсып жанатын пешке, одан шығатын ыс балаңа тиіп, бір бәлеге ұрынып қалмауына алаңдаудан ауыр не бар?

Дегенмен, биылғы ақ шұнақ қыс пен ақ қарды Гүлбахрам Бултакова ерекше қуанышпен күтті.  Өйткені үйінде күндіз-түні алаулап газ жанып тұр. Газ келгелі босаға мен төрдің арасы отын мен көмірден арылып, кеңейген. Үйден ыс кеткен. Жүрекке жылу оралған.

Бастапқыда Гүлбахрам Бултакова  Halyk Bank тегін газ қосып береді дегенді естігенде, миығынан күліп сенбеген. Арнайы мамандар келіп құжаттарын реттеп, сызбаларын сызып кеткенде «көшедегі газ құбырынан үйіме тартып берер, ал пешті қайтем? Оған удай баға сұрайды, басыма пәле болды ғой» деген ішінен.

«Бұрын көмір пеш бөлменің дәл ортасында еді. Қызым екеумізге ол пешті жағу және оған қарап отыру қиын еді. Halyk Bank газды үйге тегін қосып, тегін құбыр тартып қана берген жоқ, газ пеш тұратын арнайы орын да салды. Жылу жүйесін орнатты. Содан үйдің іші кеңіп,  жылып сала берді. Білесіз бе, мұндай жақсылық көремін деген түсіме де кірмеген. Halyk Bank-ке алғысымды айтып жеткізе алар емеспін»,–дейді Гүлбахрам Бултакова.

Жалпы, Алматы қаласына газ құбырлары толық тартылғанымен оған қосылуға қаржысы, мүмкіндігі жетпей отырған әлеуметтік жағдайы қолдауға мұқтаж 2800-ге жуық отбасы яғни, жеке үй бар.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың халықпен есептік кездесуінде  тұрғындар осы мәселені көтеріп, газға қосылуға қажетті қаржыны бірден төлей алмайтындарын айтқан еді. Әкім бұл шаруаны көпке созбай, кәсіпкерлер мен бизнеске үндеу қатты. Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктерге кредит арқылы  газға қосылуға мүмкіндік жасауға тапсырды.

Halyk Bank әкімнің бұл бастамасын қолдап, газ орнатуға пайызсыз кредит беруді ашты. Сосын, одан бөлек, тұрмысы төмен отбасыларға газды тегін орнатып беру жобасын бастап кетті.

Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаевтың айтуынша, әлеуметтік көмекке мұқтаж емес жандарға газ орнатуға пайызсыз кредит беру, газ қосуға қажетті барлық жабдықтарды сатып алуға көмектесу ісі елден сұраныс біткенше жалғаса бермек.

«Газ қосуға пайызсыз кредит беруден бөлек, Halyk Bank Алматы әкімдігі ұсынған тізімге сәйкес мұқтаж жандардың үйіне тегін газ қосу, газ жабдықтарын тегін орнатуды бастап кеттік. Бұл шараға бизнестің әлеумет, ел алдындағы қамқорлығы мен жауапкершілігі деуге болатын шығар. Дегенмен, екінші маңызды мәселе де бар. Ол – Алматының ауасы. Ауа бәрімізге ортақ. Оның таза болуына бәріміз мүдделіміз. Таза ауа-халықтың саулығы. Бизнес те, жеке адам да ауа тазалығы үшін бір мүддеде болуы керек. Көмір жағатын пештердің санын мейлінше азайтсақ, Алматы ауасының тазаруына, ел денсаулығының саулығына қосқан елеусіз үлесіміз болмақ», – дейді Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев.

Halyk Bank бастамасы арқылы үйлерге газ орнату жұмыстарын Temel Group Stroy компаниясы жүргізіп жатыр.  Компанияның атқарушы директоры Аслан Төлеутаевтың айтуынша, газ орнату өтініші әр үйдікі жеке қаралады.

«Газ пешін орнату талаптарына сәйкес арнайы бөлме, жарық түсетін терезе, ауа алмасатын қондырғы керек. Кейбір үйлерде мұндай жағдай жоқ. Ондай жағдайда пеш орнатуға арнайы бөлме салу қажет. Енді бір үйде есік немесе жарық түсетін терезе салу керек. Яғни, газ орнатуға қажетті жабдықтардан бөлек, басқа қажетті тауарды алу, оларды орнату жұмыстарын да орындаймыз, - дейді Аслан Төлеутаев.

Өмірінің жиырма жылы көмір жағумен өткен зейнеткер, 3-топ мүгедегі Галина Гончарова Halyk Bank пен Temel Group Stroy компаниясының

жанашырлығының арқасында бүгінде уайымсыз жылы үйде қайырымды жандарға шексіз ризашылығын айтып отыр.

Жалпы анықтама үшін айта кетсек, Halyк Bank тұрмыс ақуалы төмен отбасыларға газ қосу үшін 60 миллионнан астам теңге бөлген. Бүгінгі күні 10 отбасыға газ тегін орнатылған. Ал жыл соңына дейін Наурызбай және Алатау аудандарында 80-ге жуық үйге тегін газ орнатып бермек.

Онымен қоса, Алматы қаласының кез келген тұрғынына газ жабдығын орнату үшін пайызсыз кредит алу мүмкіндігін ұсынады

  • Сыйақы мөлшерлемесі - 0%;
  • Займды ресімдегені үшін комиссия 0,1%
  • Кредиттеу мерзімі – 18 айға дейін
  • Бір жеке тұлға үшін займның сомасы 309 000 ₸ мөлшерінде

Пайызсыз кредит алу үшін азаматтар төмендегі шараларды орындауы қажет:

- қажетті құжаттардың тізімімен кеңесу үшін аудан әкімдіктерімен байланысу қажет;

- газды қосудың техникалық шарттарын алу және қызметті ұсынатын компаниялармен келісім жасау;

- осы келісіммен кредит алу үшін келесі мекенжайлардағы Halyk Bank–тің екі бөлімшесінің біріне хабарласу қажет:

  • Түрксіб ауданы, Кунгурская көшесі, 2 үй, Halyk Bank, 131832 бөлімшесі;
  • Әуезов ауданы, «Жетысу-4» шағын ауданы, 13 «А» үй, Halyk Bank, 30 ЖСО

Бағдарлама туралы толығырақ Банк сайтынан танысуға болады:

https://halykbank.kz/kz/credit/kredit-gaz

Байланысты жаналықтар

Пандемия банк депозитіне қалай әсер етті?

14.12.2020

Halyk Bank-тен IPhone ұтып ал!

14.12.2020

Halyk POS кәсіпкер мен тұтынушыны көп қиындықтан құтқарды

14.12.2020

 Halyk Bank кәсіпкерге қас қағым сәтте шот ашады

11.12.2020

Шымкенттік мұғалім Алматының төрінен пәтер ұтып алды

09.12.2020
MalimBlocks
Пандемия банк депозитіне қалай әсер етті?

Halyk Bank-тен IPhone ұтып ал!

Halyk POS кәсіпкер мен тұтынушыны көп қиындықтан құтқарды

 Halyk Bank кәсіпкерге қас қағым сәтте шот ашады

Шымкенттік мұғалім Алматының төрінен пәтер ұтып алды