Пандемия банк депозитіне қалай әсер етті?

Malim Админ

  • 14.12.2020

Пандемия банк депозитіне қалай әсер етті?  Пандемия ел табалдырығын аттаған кезде сарапшылар сан түрлі болжам айтты. Көбі күннің көзі енді көрінбейді деді. Экономика тұралайды, ақша құнсызданады, тағысы тағы. Дегенмен, Қазақстан бір жылдан бері пандемия кезеңінде өмір сүріп жатыр. Пандемияда да өмір тоқтамайды екен. Құлдырау мен өсу де бұрынғыдай жалғаса береді екен. Дегенмен, қиын сәттерде кәсіби құрылымдар ел сенімінің арқасында бекіп, сынаққа төзіп береді екен.

Түрлі сарапшылардың болжамын ақтамаған бір сала ол – банк депозит қоржыны болып шықты. Иә, болжам болжамымен айтылар. Бірақ, нақты факт нақты дерек ешкімнің көңіліне қарамайды емес пе!

Пандемиядан қатер көрген сарапшылар не айтса да қызық факт осы. Жыл басынан бері банктердегі жиналған ақша көлемі азаюдың орнына көбейе түскен.  Зерттеу орталығы Ranking.kz статистикасы осылай дейді. Мәселен, жыл басынан бергі банк секторындағы депозит базасы 2,96 триллион теңгеге көбейіп, 20,94 триллионға жеткен, оның 2,36 триллион теңгесі елдегі ең ірі он банкке тиесілі.

Депозит көлемі бойынша бірінші орында Halyk Bank тұр. Яғни, қиын қыстау кезінде бұл банк көпшіліктің сенімін ақтаған. Сол себепті көш басында келеді. 2020 жыл басынан бері бұл банктегі депозит жинақтары 633,6 миллиард теңгеге артып, 7,1 триллион теңгеге жеткен. Яғни, жыл бойғы депозит өсу кестесінде Halyk Bank үлесі 21,4 пайыз. Ал салымшылар өсіміндегі бұл банктің үлесі 26,9 пайызға тең.

Заңды тұлғалар салымы жөнінен де Halyk Bank алдыңғы орында. Биыл банктегі заңды тұлғалар депозиті көлемі 310,6 миллиард теңгеге артып, 3,57 триллион теңгеге жеткен.

Жеке тұлғалардың салымы бойынша Kaspi Bank (+357,8 млрд тг., 1,88 трлн теңгеге дейін өскен), Halyk Bank (+323 млрд тг., 3,49 трлн теңгеге дейін өскен) және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі (+121,1 млрд тг, теңгеге дейін өскен) алғашқы үштікте.

Жыл басынан бері екінші деңгейлі банктердегі корпоратив салымы 1,8 триллион теңгеге, ал жеке салымдар 1,16 теңгеге артқан. Нарықтағы ірі банк Halyk Bank екі салым түрінің артуы жөнінен көш бастап тұр. Оның себебін сарапшылар былай бағадайды: банк халыққа ыңғайлы шарттары бар  депозиттер ұсынады;

шағын және орта бизнесті қоса алғанда бизнес үшін мерзімді және шартты салымдар қарастырылған;

ағымдағы шоттар мен жалақы жобаларын жүргізу үшін қолайлы жағдай береді.

Банктің мұндай тұрақты өсуін Fitch Ratings (BB+), Moody’s Investors Service (Ba1), Standard and Poor’s (BB) сияқты әлемдегі жетекші рейтинг агенттіктерінің жоғары сенімділік рейтингісінен де көруге болады.

Оған қоса, Halyk Bank-тің актив табыстылығы банк секторындағы орташа көрсеткіштен жоғары. Елдегі екінші деңгейлі банктердің қаңтар-қазан аралығындағы актив табыстылығы 2,2 пайыз болса, Halyk Bank-тікі – 2,6 пайыз. Капитал көрсеткіші де жоғары, оның нарықтағы орташа көрсеткіші 17,8 пайыз болса, бұл банкте 19,3 пайызға жеткен.

Байланысты жаналықтар

Halyk Bank-тен IPhone ұтып ал!

14.12.2020

Halyk POS кәсіпкер мен тұтынушыны көп қиындықтан құтқарды

14.12.2020

 Halyk Bank кәсіпкерге қас қағым сәтте шот ашады

11.12.2020

Halyk Bank тегін газ қосып беріп, жүректерді жылытты

10.12.2020

Шымкенттік мұғалім Алматының төрінен пәтер ұтып алды

09.12.2020
MalimBlocks
Halyk Bank-тен IPhone ұтып ал!

Halyk POS кәсіпкер мен тұтынушыны көп қиындықтан құтқарды

 Halyk Bank кәсіпкерге қас қағым сәтте шот ашады

Halyk Bank тегін газ қосып беріп, жүректерді жылытты

Шымкенттік мұғалім Алматының төрінен пәтер ұтып алды