Halyk POS кәсіпкер мен тұтынушыны көп қиындықтан құтқарды

Malim Админ

  • 14.12.2020

Halyk POS кәсіпкер мен тұтынушыны көп қиындықтан құтқарды

Базар, сән салоны, кішігірім дүкен, гүл сататын орын, көлік жөндеу орталығы, тігін және де басқа шеберханадағы кәсіпкерге салық заңының талабын орындап, POS-терминал орнату қиынға соғып келді. Өйткені, POS-терминал орнату біріншіден аз да болса шығын. Екіншіден, арасында интернет жақсы ұстамай қалады, кейде құрылғы бұзылып қалып жүйкені жұқартады. Оның үстіне қазір жұрт қалтасына қағаз ақша да салып жүрмейді. Төлем картасымен есеп айырысқысы келеді.

Осы жағдайда Halyk bank-тің Halyk POS қосымшасы үш жаққа да тиімді бастаманы бастап кетті. Бұл өзі өте қарапайым амал. Қолыңыздағы смартфон Android базасын таныса болғаны (кез келген смартфон  Android-пен дос), мың бір қиындықтан құтыласыз. Яғни, смартфоныңызға Halyk Pos қосымшасын (SoftPos технологиясында) жүктеп алсаңыз болғаны. Сонда, смартфоныңыз төлем қабылдайтын, қаржы алмасатын POS-терминалға айналып шыға келеді. Смартфоныңызға қонған Halyk POS-тың ең кереметі кез-келген банк картасын танып, қабылдай береді. Яғни, смартфоныңызға кез-келген банк картасын жақындатса болғаны, Homebank Pay, Apple Pay және

Samsung Pay жүйелері арқылы есеп-шот айырыса береді. Осы амалды игеріп алған базардағы кәсіпкерлердің алды Halyk POS қосымшасына риза. Өйткені олардың айтуынша, бұрынғыдай қағаз ақшаны жоғалтып, не ұрлатып алуға уайымдамайтын болған.

Ал Halyk Bank  Транзакциялық бизнесі департаментінің директоры Гүлсім Душатованың айтуынша, Halyk POS үш ай бұрын айналымға енгелі кәсіпкердің де, тұтынушының да, банктің де көп мәселесін жеңілдетіп тастаған.

«Halyk Pos қосымшасы іске асқалы инкассациялық шығындар азайды. Бұрынғыдай арнайы көлік, арнайы жасақпен ақша тасып жүретін жұмыс азайды. Қолма-қол ақшасыз төлемнің оңайлауы микро және шағын бизнеске оң ықпал етті. Клиенттер базасын ұлғайтуға, эквайринг қызметтеріне қосылу шығындарын азайтты, кәсіпкерлердің бизнес-процестерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бөлшек бизнестің клиенттері де, өз кезегінде, контактісіз технологиялардың көмегімен жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз төлем жүргізу мүмкіндігіне ие болды», - дейді Гүлсім Душатова.

Сонымен, кәсіпкерге қамқор ­­Halyk Pos қосымшасының негізгі артықшылықтары қандай?

  • POS-терминал немесе оған қажетті қосымша жабдық сатып алудың қажеті жоқ
  • Контактісіз төлемдер қабылдау 24/7
  • Кез келген банк картасымен төлеу және смартфон арқылы төлеу
  • Операциялар туралы нақтыланған есептілік
  • Төлемдер қабылдау бойынша заңнаманы сақтау
  • Барлық банктердің клиенттерін қосу

Қызметтері:

  • Кез келген банк карталарынан (Visa, Mastercard және Union Pay) төлемдер қабылдау
  • Homebank Pay, Apple Pay, Samsung Pay және Garmin Pay арқылы смартфонмен төлемдер қабылдау
  • Төлемдерді болдырмау және кері қайтару
  • Электронды чектерді жөнелту
  • Операциялар бойынша тізімді және ерекшеліктерін қарау

@Әріптестік мақала

Байланысты жаналықтар

Пандемия банк депозитіне қалай әсер етті?

14.12.2020

Halyk Bank-тен IPhone ұтып ал!

14.12.2020

 Halyk Bank кәсіпкерге қас қағым сәтте шот ашады

11.12.2020

Halyk Bank тегін газ қосып беріп, жүректерді жылытты

10.12.2020

Шымкенттік мұғалім Алматының төрінен пәтер ұтып алды

09.12.2020
MalimBlocks
Пандемия банк депозитіне қалай әсер етті?

Halyk Bank-тен IPhone ұтып ал!

 Halyk Bank кәсіпкерге қас қағым сәтте шот ашады

Halyk Bank тегін газ қосып беріп, жүректерді жылытты

Шымкенттік мұғалім Алматының төрінен пәтер ұтып алды