Көпбалалы ана сотта тағы жеңілді

Malim Админ

  • 25.02.2020

Шахтинск қалалық соты көпбалалы ана Назгүл Сәрсенбаеваның апелляциялық шағымын қарады. Үкім өзгеріссіз қалды.

Қарағанды облысына қарасты Шахан елдімекенінде тұратын жеті баланың анасы Назгүл СӘРСЕНБАЕВАНЫ былтыр шенеуніктер сотқа берген еді. Әлеуметтік сала мамандары мектепте от жағушы боп еңбек еткен отағасы "табысын жасырып қалды" деп сот арқылы мемлекеттен алған атаулы әлеуметтік көмектің кері қайтарылуын талап еткен болатын.

Жеті баланың әкесі Әлібек СӘРСЕНБАЕВ қыста от жағушы болса, жазда Қарағандыдағы жеке меншік мекемеде күзетші болып, отбасын асырап жүрген. Ол: "табысымды жасыруды ойлаған жоқпын, әлеуметтік сала мамандары толық тексермеген еді" деп мәлімдеген болатын.

Әзер жан бағып отырған отбасы былтырдан бері шенеуніктермен соттасып келеді. 2019 жылдың 23 қыркүйек күні судья: "Сәрсенбаевтар отбасы мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмекті негізсіз алғандықтан, 517 мың теңгені кері қайтаруы қажет" деген шешім шығарған. Көпбалалы отбасы сот шешімімен келіспей, аппеляциялық сот сатысына жүгінген болатын. Сарсенбаевтар отбасының соңғы үміті болған аппеляциялық сот сатысы да көпбалалы отбасының пайдасына шешілмеді. Шахтинск қалалық соты алғашқы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Сот шығындары мен қоса есептегенде Сәрсенбаевтар отбасы мемлекетке 540 мың теңгені қайтаруы тиіс. Әлібек Сәрсенбаев дау-дамай туындаған соң екінші жұмысы күзетшіліктен шығып кеткенін айтады.

"Қайда барып шағымданамын, тіпті білмей отырмын, президентке дейін хат жаздым. Сол көмектен  осыншалықты әуреге түсіретінін білгенде, басында бас тарту керек еді. Алған жалақыға сай менен зейнетақыға ұсталып отырды, оның барлығын әкімшіліктегі мамандар тексермеген, біз ештеңе жасырмадық. Тіпті сотқа өтінішті әкімшілік мамандары жұбайыма орыс тілінде жазғызған. Осының салдарынан сот орыс тілінде өткен, әйелім орысша түсінбейді, ал сотқа алып келген аудармашылары кейбір сөздерді түсінбей, дұрыс аудара алмаған", - дейді Malim.kz сайтына сұхбат берген жеті баланың әкесі Әлібек Сәрсенбаев.

Ол бүгінде Шахандағы мектепте от жағушы болып еңбек етуде, жұбайы бала күтімімен үйде отыр. Отбасына мемлекеттен 70 мың теңге жәрдемақы тағайындалған. Табысы аз болғандықтан тағы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жазған, алайда бір жарым ай бойы әкімдіктегі мамандар құжаттарын түрлі сылтау айтып, қабылдамай қойыпты. Енді жеті баланың әкесі мемлекеттен алған қаражатты қалай кері қайтаратынын білмей басы қатып отыр. Бұл отбасы енді облыстық соттың аппеляциялық сот сатысына тағы шағым тастауы мүмкін.

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

Байланысты жаналықтар

Қарағанды облысында балаларын өлтірді деген күдікті әйел ұсталды

05.04.2024

Теміртауда атыс болды: зардап шеккендер бар

04.04.2024

Президенттің бес жылы: Не өзгерді?

20.03.2024

Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

28.10.2023

12 бала уланып, бір бала қаза болды

01.08.2023

Алматы. "Қуатты өңірлер" бірнеше бағытта дамиды

21.09.2022
MalimBlocks
Қарағанды облысында балаларын өлтірді деген күдікті әйел ұсталды

Тергеу жүргізіліп жатыр.

Теміртауда атыс болды: зардап шеккендер бар

Қарағанды облысы Теміртау қаласында атыс болып, 27 жастағы жергілікті тұрғын оқ жарақатынан ауруханға түсті, деп хабарлайды Malim.kz.

Президенттің бес жылы: Не өзгерді?

Осы уақыт аралығында қандай маңызды шешім қабылданды?

Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоғамдық қоры Ұлыбритания үкіметінің қаржылай қолдауымен «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы жүзеге аса бастады.

12 бала уланып, бір бала қаза болды

Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 12 ұл бала уланып, бір бала қаза болды. 

Алматы. "Қуатты өңірлер" бірнеше бағытта дамиды