Әр ауылдың мәселесі «Nur Otan» партиясының назарында

  • 23.12.2020
  • Malim Админ

Парламент мәжілісі мен облыстық депутаттығына үміткерлер және облыстық штаб басшылары «Есіктен есікке» акциясы аясында Егіндібұлақ ауылына барды.

Кандидаттар ауыл тұрғындары Д.Сағындықовтың және Қ.Қаужымовтың үйлерінде «Nur Otan» партиясының тарапынан көрсетіліп жатырған шараларға тоқталып, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Үй иелері ауыл тұрғындарының көгілдір отын, жол, зейнетақы алу, бизнес ашу, жеңілдетілген несие беру, т.б. мәселелерге қатысты сауалдарын қойып,  партияның бастамаларын қолдайтындарын айтты.

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер А.Әмірғалиев пен С.Шинтасова жуырда ғана партияға жүгініп, баспаналы болған Бесқұдық ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Гүлмира Қожахметованың үйіне барды. Кандидаттармен кездескен Гүлмира партия атынан депутаттыққа үміткер кандидаттарға сәттілік тілеп, жан-жақты қолдаулары үшін ризашылығын білдірді.

Аудан орталығындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде спортшылармен өткен кездесуде кандидаттар өздерінің сайлау алды бағдарламаларын таныстырып,  өз жоспарларымен бөлісті.

— Бұл бағдарлама облысымызды кешенді дамытуға бағытталған. Сондай-ақ бағдарламада көрсетілген басым бағыттар аясында алдағы бес жылда өңірдің экономикасы дамып, өркендеп, тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалатын болады. Nur  Otan партиясы елдің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың біртұтастығына, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатының жақсаруына жұмыс істеуді жалғастырады, — деді Ақтөбе облысының Nur Otan партия төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов.

Содан соң «Амангелді» сауда үйінде кәсіпкерлермен өткен экспромт кездесуде үміткерлер алдағы бес жылда ауданда жыл сайын кемінде 700 жаңа жұмыс орны құрылып, оның ішінде «Бизнестің жол картасы — 2025», «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары аясында жыл сайын 1,2 мың адамды бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жоспарланғанын, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кемінде 25 адамнан тұратын жылдық кәсіптік оқыту (1 жылдан астам) және кемінде 50 адамнан тұратын қысқа мерзімді (3 айға дейін) оқыту, бұл коронавирус пандемиясының салдарынан жұмыссыз қалған жұмысшылардың тапшылығы мен жұмыспен қамтылуы шешіледі. Бизнесті несиелендіру механизмдерін пайдалануды кеңейту арқылы 5 жыл ішінде 30 жаңа бизнес нысаның ашу:

  • 10- нан кем емес жобаның пайыздық мөлшерін субсидиялау;
  • 7- ден кем емес жобаны жетіспейтін кепілдікпен қамтамасыз ету;
  • 13-тен кем емес жобаны гранттық қаржыландыру.

Жыл сайын  бастауыш кәсіпкерлерге кемінде 15 грант және  90 шағын несие бөлуге.2023 жылы ауданда кәсіпкерлікті дамыту үшін шағын Индустриалды аймақ құруға ықпал етеді.  Бұл шаралар 2025 жылға қарай 3,5 мыңнан астам жұмыс орнын құруға, қолданыстағы бос жұмыс орындарына 6 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға және белсенді шағын және орта бизнес нысандарының санын 1,3 мыңға дейін жеткізуге мүмкіндік береді деп бағдарламаны түсіндірді. Ал аудан кәсіпкерлері өз ұсыныстарын білдіріп, партия кандидаттарын қолдауға дайын екендерін жеткізді.

  «Nur Otan» партиясының Ақтөбе облысы, Қобда ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

Байланысты жаналықтар

"Съезге келгендердің біреуі де митингіге шықпады"

24.02.2020

Су тапшылығы: Қазақстан Қытаймен бірлесіп бөгет салмақ

04.05.2021

Тұрғымбаев: Полиция митингіде ешкімді азаптамады

11.06.2021

Қордай қақтығысы. Үкім және қарсылық: "Мен кімге сенемін, бұл қандай сот?"

28.04.2021

Бюджетті жейтін емес, елге жұмыс істейтін депутаттар керек!

20.09.2020

Коронавирус: 22 депутат жұмысқа шықпайды

26.03.2020