«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын насихаттауда
«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын насихаттауда
Бүгін мәжіліс депуттатығына үміткер Жадыра Таңатарова есіктен есікке акциясы аясында Сайрам елдімекендегі Тассай тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті. Өз кезегінде тұрғындар «Nur Otan» партиясының өкілін жылы, мерекелік көңіл күймен қабылдап, жұмыстарына табыс тіледі.
Жадыра Нағашыбайқызы тұрғындарға «NurOtan» партиясының сайлау алды бағдарламасын таныстырды. Сондай-ақ, бағдарламаның басым бөлігі қала тұрғындарынан праймериз кезеңінде келген 685 ұсыныстарының негізінде дайындалғанын жеткізді.
«NurOtan» партиясы халықтық партия және әрдайым халықтық партия болып қала береді. Өйткені бас партия еліміздің әрбір азаматының тағдыры үшін жауап береді. «NurOtan» партиясы қуатты және табысты мемлекеттің қалыптасуына ықпал етеді. Партия азаматтардың еліміздің әрбір азаматының мәселелерін жақсы біледі және түсінеді. Бас партияда қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға барлық ресурстар бар», - деп атап өтті Жадыра Таңатарова.
Сондай-ақ, Жадыра Таңатарова «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламадағы Шымкент қаласының дамуы мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған негізгі 10 бағытын (тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік саланы дамыту, экономикалық әлеуетті жақсарту, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасау, шалғайдағы елді мекендерді көркейту, экологиялық ахуалды жақсарту, жол және көлік инфрақұрылымы, қоғамдық қауіпсіздік, жастарды қолдау, қаланы цифрландыру) таныстырып, алдағы 5 жыл көлемінде жүргізілетін жұмыстарға тоқталып өтті.
Кездесу барысында тұрғындар қоғамдағы өзекті болып табылатын денсаулық сақтау, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, жолдар және көлік инфрақұрылымы сынды мәселелер бойынша өз сұрақтарын қойды. Кездесуде «NurOtan» партиясынан үміткерге ақсақал Асан Серікбаев қатаң карантин кезінде партия нақты көмек көрсеткеннін айтты. Сонымен қатар ақсақал бүкіл отбасымен 10 қаңтарда сайлау учаскесіне барып, белсенді қатысатындығын жеткізді.