Сайлау-2021. COVID –тен сақтану һәм тегін тест.   

Malim Админ

  • 03.01.2021

Сайлау-2021. COVID –тен сақтану һәм тегін тест.

Сайлау комиссияларының мүшелері, бақылаушылар мен сенім білдірілген адамдар 3 қаңтар күні сағат 24.00-ге дейін тегін ПТР-тестілеуден өту үшін өтінім бере алады.

«Бүгінгі таңда барлық денсаулық сақтау басқармаларында жауапты тұлғалар анықталды, олардың телефондарының тізімдері Мемсанэпидқадағалау комитетінің сайтында, сондай-ақ денсаулық сақтау басқармаларының сайттарында жарияланған. 31 желтоқсаннан 3 қаңтар сағат 24.00-ге дейін сайлау комиссияларының мүшелерін, бақылаушылар мен сенім білдірілген адамдарды тегін ПТР-тестілеуден өткізу үшін өтінімдер қабылданады», - деді Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова.

А.Есмағамбетованың айтуынша, сайлау күні эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін зертханалардың қуаттылығы жеткілікті.

Коронавирус пандемиясы басталғалы ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеу сәуір айында тәулігіне жалпы қуаты 6000 тест болатын 19 зертханада жүргізілді, ал бүгінгі күні КВИ диагностикасын тәулігіне жалпы қуаты 100 мың зерттеуді құрайтын 132 зертхана мен 48 биологиялық материал алу пункті жүзеге асырады.

«Бүгінгі таңда 5 млн-нан астам зерттеу жүргізілді, күн сайын зертханалармен 40 мыңға дейін тест жүргізіледі. Осылайша, зертханалардың резервтік қуаты 60 мың зерттеуді құрайды, қазіргі уақытта бұл қуат сайлау қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пайдаланылады», - деп толықтырды А.Есмағамбетова.

 

Байланысты жаналықтар

Мәселелер шешу алаңы кеңейеді

24.12.2020

«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын насихаттауда

04.01.2021

Үміткерлер «Әжелер алқасымен» ақылдасты

24.12.2020

Жаңа депутаттарды Шөкеевтің туыстары күтеді

13.01.2021

Оппозиция қатыспаған сайлаудың өзі әділетті өткен жоқ

11.01.2021

«Nur Otan» партиясының Теректі аудандық сайлауалды штабы жұмысын бастады

14.12.2020
MalimBlocks
Мәселелер шешу алаңы кеңейеді

«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын насихаттауда

Үміткерлер «Әжелер алқасымен» ақылдасты

Жаңа депутаттарды Шөкеевтің туыстары күтеді

Оппозиция қатыспаған сайлаудың өзі әділетті өткен жоқ

«Nur Otan» партиясының Теректі аудандық сайлауалды штабы жұмысын бастады