Гүлнар Каримова: 686 миллион доллар беремін, бостандыққа шығарыңызшы

  • 26.02.2020
  • Бағашар Тұрсынбайұлы

Әлеуметтік желіде Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам КАРИМОВТЫҢ қызы Гүлнар ИСЛАМҚЫЗЫНЫҢ Шавкат МИРЗИЕЕВКЕ хаты жарияланды. Қазір өзбек басшысына арналған хатты Гүлнар ИСЛАМОВАНЫҢ Лондонда тұрып жатқан қызы Иман  Instagram-да таратқан.

Түрмедегі Гүлнар Каримова Шавкат Мирзиеевқа бостандыққа шығу үшін 686 млн доллар беруге дайын екенін жазады. Отбасы мен денсаулығы үшін Швейцариядағы дүние мүлкін мемлекетке беремін деген ол ота жасату керектігін айтады.

«Мені хаттарым сізге жетпеді. Сондықтан да мына ашық хатым жарияланып отыр. Бұны сіз қайырымды һәм бекзат адам ретінде қабылдарсыз. Менің әкемді ұстаз санайтыныңызды талай рет айтқаныңыз бар. Біз араға жеті жыл салып отбасымыз қауышып, сізге алғыс айтамыз деп сенеміз», - делінген Каримова жазған хатта.

2015 жылы Гүлнар Исламқызы 5 жылға сотталып, мемлекетке келтірген шығыны 2 млрд АҚШ доллары екені хабарланған.

Бұған дейін атасымен аттас кіші Ислам КАРИМОВ мемлекет басшысы Шавкат Мирзиявтен анасын бостандыққа шығаруын өтінген.

 

Байланысты жаналықтар

Бақтияр Өнербаев отставкаға кете ме?

09.07.2020

Коронавирус шыққан Қытай Қазақстанға көмектеспек

02.04.2020

"300 жыл бұрын қайда болдыңдар?": Ресей депутаты Қазақстанға тағы да шүйлікті

11.04.2021

Дүйсекенова қаржы министрлігімен соттаспақ

07.12.2020

Тоқаев: Анархияға жол бермейміз

22.09.2020

Көлгіновтың рейтингі түсіп кетіпті

18.06.2020