«Полиция адам өлтірді»

  • 26.02.2020
  • Қанат Тілеухан

Орал қаласында қоғамдық белсенділер полиция департаментінің алдында пикетке шықты. Олар қоғамдқ белсенді, блогер Дулат АҒАДІЛДІҢ тұрмедегі өліміне қатысты наразылығын білдірді.

Facebook.com әлеуметтік желісінде Асқар ШАЙҒҰМАРОВ тікелей эфирге шығып, наразылық акциясыннан хабар таратты. Пикетке шыққандар қолдарына «Полиция адам өлтірді», «Дулат Ағаділді өлтіргендер жазалануы тиіс» деп жазылған плакаттарды ұстап шыққан.

«Олар бәрін өлтіреді. Дулаттың біреуді тонағаны үшін, я болмаса біреуді зорлап немесе кісі өлтіргені үшін қамалмады. Ол қылмыстық кодексті бұзған жоқ. Бұл биліктің алдындағы бар кінәсі - басқаша ойлады. Қоғамда болып жатқан саяси-қоғамдық өмірге сын көзбен қарады. Сол үшін оны камераға апарып қамады. Артынша камерадан мәйітін алып шықты. Мен Қазақстанда адамдардың басқаша ойлағаны үшін қамауына  қарсымын. Сондықтан да мен бұл жерге журналист ретінде емес, осы елдің азамыты ретінде келіп тұрмын. Дулат отыз жыл бойы жүргізіліп келе жатқан саясаттың кесірінен өлді», - деді журналист, қоғамдық белсенді Лұқпан АХМЕДИЯРОВ.

43 жастағы қоғамдық белсендіні ақпанның 24-і күні полиция күштеп үйінен алып кеткен. Келесі күні таңғы сағат 8-де Дулат тергеу абақтысында көз жұмған. Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, марқұм жүрегі қысып көз жұмған. Денесінен ұрып-соққан белгілер байқалмаған. Тергеу абақтысына алып келгенде ішімдік ішкені байқалған.

«Біздің досымыздың өлтірді. Ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ отставкаға кетсін. Бұл үшін барлық полиция жауап беру керек. Дулат талап еткендей саяси реформаның жүзеге асуын, барлық саяси тұтқындардың босатылуын талап етеміз. Қылмыскер тез арада жазалансын», - деді тағы бір қоғамдық белсенді Мақсат АЙСАУЫТОВ.

Бұндай акциялар кешеден бері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен қалаларында да өтті. Дәл қазір Алматыдағы прокуратура алдында бір топ қоғамдық белсенділер наразылық акциясын өткізіп жатыр.

«Қымбатты қазақ халқы, 24 ақпан күні Дулат Ағаділді ішкі істер органының оңбағандары үйіне келіп балаларын шырылдатып, абақтыға жапты. Дулатты билік өлтірді. Ол қайтпас жан еді. Қанша рет отырып шықса да мойымады. Биліктің айтқанын орындамағаннан кейін оны өлтіріп тастады. Оның өліміне қатысты комиссияға қоғам мүшелері кіру керек. Дулаттың қазасына қатысы бар барлық полиция жазалануы тиіс. 1937 жыл қайтып келді. Сот түнде өтеді. Адам түнде ұсталады. Түнде әйел мен балаларды шошытады», - деді саясаткер Балташ ТҰРСЫМБАЕВ.

Фото: uralskweek.kz

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты тыңдамайтын, халықты естімейтін министрлер

28.09.2020

Наурызда теракт жасамақ болған

14.03.2020

Біртановты қамау мерзімі ұзартылды

20.01.2021

Бақауов түрмеге қамалмауы мүмкін

27.05.2020

Екінші президенттің ерекшелігі

16.05.2020

Сот Навальныйды түрмеге қамау туралы шешім шығарды

02.02.2021