"Маңғыстауға беретін халықта ақша жоқ. Олигархтардан алсын"

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 12.08.2021

Ауыл шаруашылығы министрлігі Маңғыстау облысындағы қуаңшылыққа байланысты халықтан ақшалай көмек берулерін сұрады.

«Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері қолайсыз табиғи құбылыстардан зардап шеккен тұрғындар мен фермерлерге көмек ретінде, өздерінің бір күндік жалақыларын Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен құрылған арнайы шотқа жібереді. Осыған орай, министрлік барлық меншік нысанындағы еңбек ұжымдарын қиын жағдайға тап болған отандастарымызды қолдауға және қолдан келгенше көмек көрсетуге шақырады», - делінген министрлік жариялаған мәлімдемеде.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан үндеуде үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың қуаңшылықтан зардап шеккен аймақтарда қажетті жұмыстар істеп жатқанын, оған еріктілер де қомақты үлес қосып жатқаны айтылған.

Бірақ министрлік таратқан бұл үндеумен Қазақстанның бұрынғы ауыл шарушылығы министрі Балташ Тұрсымбаев келіспейді. Оның сөзінше, Маңғыстаудағы қуаңшылыққа байланысты үкімет те, министрлік те мардымды жұмыс істемеген.

«Олар (ауыл шаруашылығы министрлігі –ред) ешқандай жұмыс істеген жоқ. Барлығы кабинеттерін күзетіп отырды. Анау үкіметте жұмыс істеген жоқ. Қуаңшылық мамыр айында басталып кеткен. Сол уақыттан бастап мал қырыла бастады. Оған ешқандай шара қолданған жоқ. Ауыл шаруашылығы министрлігінен ешқандай ұсыныс болған жоқ, «жабулы қазан жабулы күйінде жатты». Үндемей отырды. Мал қырылды. Қазір енді халық күйзелісте. Сондықтан ана жерге дұрыс министр керек, халыққа жаны ашитын», - дейді Тұрсымбаев.

Балташ Тұрсымбаев ауыл шаруашылығы министрлігінің халықтан көмек сұрау бастамасын «орта ғасырдағы жылу жинау науқанына» балайды. Оның сөзінше, билік саяси реформаны жүргізе алмай, жемқорлық жайлаған соң, шарасыздықтан халықтан ақша сұрауға кіріскен.

«Билік саяси реформаны жүргізе алмай, жемқорлық жайлаған соң халықтан ақша сұрауда. Орта ғасырда жылу жинау деген әңгіме болатын. Орта ғасырлық үндеуді жасауға көшкен ғой. Бұл недеген сұмдық? Бюджетте ақша бар. Маңғыстау облысы мұнайының ақшасын есептесін. Содан бөлсін. Қазір халыққа ақшасын беріп, жем-шөбін апару керек... Қарашөкеевті министр етіп тағайындайын деп отыр ғой. Оның ұйымдастыру жағынан ешқандай тәжірибесі жоқ адам. Ол өзі осыған дейін істеген жұмыстарын жалғастырсын. Ауыл шаруашылығында несі бар оның. Қазір халықтан жылу жинайын деп жатыр. Халықта қайдағы ақша? Халықта ондай ақша жоқ. Өздерінің олигархтарынан, бизнесмендерінен, тендер беретіндерінен алсын», - дейді Тұрсымбаев.

Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев Маңғыстау облысына жасаған сапарында мал азығының бағасын тұрақтандыру мақсатыда бюджеттен 1,9 миллиард теңге бөлінгенін айтқан. Бұл қаржы 29,5 мың ірі қара, 123,6 мың жылқы, 85,7 мың түйе, 613,5 мың ұсақ малы бар облысқа жеткілікті ме, жоқ па? Ол жағы үлкен сұрақ. Бұдан бөлек, күні кеше ауыл шаруашылығы министрлігі халықтан көмек сұрап жариялаған үндеуінде Маңғыстау облысына қанша мөлшерде қаржылай көмек қаржет екені де айтпаған. Тек банк реквизиттерін жариялаған.  

Көктем шыққалы бері Маңыстау өңіріндегі қуаңшылық мәселесі шешілмей келеді. Осыған дейін ауыл шаруашылығы министрлігі «қуаңшылық жайлаған аудандардың малын өзге облыстарға апару» сияқты бастамалар көтерген. Бірақ ол да үлкен сынға ұшыраған. Қарсы тарап «бір жердің малы өзге аймақтың шөбі мен суын жерсінбейді» деген уәж айтқан.

Маңғыстау облысының шаруаларына көмек ретінде жем-жөп жіберу науқанын белсенділер министрлік көмек сұрамай тұрып бірнеше ай бұрын бастап кеткен.

Байланысты жаналықтар

«Жылыжайлар астанасында» ірі кешеннің құрылысы жүріп жатыр

21.10.2024

Фермерлер Президентке хат жолдады

21.10.2024

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне бірқатар тапсырма берді

14.10.2024

Маңғыстау облысында жаңа курортты қала салынады 

25.09.2024

Президент Қостанай өңірінің ауыл шаруашылығы әлеуетімен танысты

10.09.2024

Алматы облысында сібір жарасы бойынша карантин жарияланды

05.09.2024
MalimBlocks
«Жылыжайлар астанасында» ірі кешеннің құрылысы жүріп жатыр

«Alsera kz» ЖШС жылыжай кешені «Бозарық» индустриялық аймағында салынбақ

Фермерлер Президентке хат жолдады

Мемлекеттік қолдаудың арқасында биыл мол өнім алынған

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне бірқатар тапсырма берді

Маңғыстау облысында жаңа курортты қала салынады 

Президент Қостанай өңірінің ауыл шаруашылығы әлеуетімен танысты

Алматы облысында сібір жарасы бойынша карантин жарияланды

Бактериологиялық зерттеулердің нәтижелері белгілі болды