Оралда Лұқпан Ахмедияровты не үшін қамағаны белгілі болды
Бүгін таңертең оралдық журналист Лұқпан Ахмедияровты қамауға алынғаны анықталды. Полиция журналисті митинг ұйымдастыру ережелерін бұзғаны үшін ұстаған.
Алайда оған қамауға негіз болатын ешқандай қағазды көрсетпеген көрінеді.
Журналист Рауль Упоров Лұқпан Ахмедьяровты полиция арнайы жасақпен ұстап, полиция бөліміне апара жатқанын мәлімдеген. Лұқпан Ахмедияров 9 сәуір күні Мәжіліс пен мәслихат сайлауының әділетсіз өткеніне қарсы митингке шыққан болатын.
Аталған жағдайдан кейін БҚО полиция департаменті пікір білдірді.
«Бүгін полиция қызметкерлері сағат 8:35-те Орал қаласында Ахмедьяров Ахмедьяровты 9 сәуір күні рұқсат етілмеген митингіге шығып, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзғаны әрі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 488-бабының 7-тармағына сәйкес шара қабылдау үшін Орал қаласының полиция басқармасына жеткізді”, - деді БҚО ПД бапсасөз хатшысы.
Енді Лұқпан Ахмедияровқа қандай шара қолданылатыны белгісіз. Бұл жөнінде БҚО ПД ешқандай мәлімет бермеді.
(Фото видеодан скрин шорт)