Ақбөкен мүйізін көксегендер құрықталды

  • 18.02.2020
  • Malim Админ

Шығыстан шыққан күні батысқа қанаты талып әрең жететін байтақ даламыздың бір көркі – ақбөкендер. Жанарына ғалам сыятын қастерлі жануардың бейнесі халық көкейінде киелі боп сақталған. Бірақ «адам – екі аяқты хайуан» деген пенде болмысының бір сипатын айтатын сөз бар. Қатпарлы жан дүниесінде адамгершілікке жатпайтын хайуани сезімдері оянған пенделер осы мөлдір жануарды аулаудан, қырыудан аянып келе жатқан жоқ. Еті дәмді, мүйізі құнды, терісі бағалы сұлу жануар құныққан пенделердің жауына айналған.

Қазақстанда 1921 жылдан бері ақбөкенді аулауға тыйым салынған. 1957-58 жылдары ақбөкен саны  саны 2 миллионнан асқаннан кейін, кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілген. Бірақ кейінгі уақытта күрт азайып кеткен аөбөкенді 2023 жылға дейін аулауға тыйым салынып отыр. Мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады. Осындай қасиеттері үшін де бағалы саналатын жануар браконьерлердің көзінің құрты болып тұр.

Ақбөкендердің үйірінде жүздеп, мыңдап бөкен жүреді. Бастаушылары аналықтары. Құралайлары тез аяқтанып, бір-екі күнде отығып кетеді. Аналықтары құралайларын екі-үш апта жайылымға ертіп шықпайды екен. Тереңдеу сайға тығып, өздері келіп емізіп кетіп тұрады. Сейда бұйығып жатқан топырақ түсті құралай бейне төмпешік сияқты көрініп, қауіп тудырмайды. Бұл Жаратқанның ақбөкендерге берген қорғану инстинктері болса керек. Осындай машақатпен өсіріп, оны адамдар да қорғап жүрсе де, браконьерлер ебін тауып, атып жатады.

10-17 ақпан күндері Қызылорда облысында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткен болатын. Сонда Қазалы және Арал аудандарында полиэтилен пакетке ақбөкен мүйізін салып алған жергілікті тұрғындар қолға түскен.

«Аталған дерек бойынша Қазақстан Ресбуликасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілу. Онда өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу жағдайы көрсетілген», - деп мәлімдеген Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Осы сияқты ақбөкен мүйізіне дәніккендер еліміздің батыс аймағында да қолға түскен. 15 ақпан күні Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының криминалдық және табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері «КамАЗ» автокөлігін тоқтатып, автокөлікті тексеру кезінде ақбөкеннің алты мүйізі, үш қоян және ара табылып, тәркіленген. Күдіктілер жайылымнан 100 шақырым жерде ақбөкен мүйізін кескенін айтқан. Көлікте жүргізуші мен екі жолаушы болған.

«Тіркелген дерекке қатысты Қылмысты кодекстің «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілер уақытша тергеу изоляторына қамалды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ақбөкендер еліміздің Бетпақдаласында, Арқасында, Жайық бойында мекендейді. Даламыздың жауһарын сақтай білейік!

Байланысты жаналықтар

Әкім Әбдіқалықованың сіңілісі директор болып қалыпты

23.09.2020

Нұрымбетов 42500 теңгені кімдер алмайтынын айтты

16.07.2020

«Филип Моррис Интернэшнл» басшылығы ауысып жатыр

23.12.2020

Цой оқушылар қашан мектепке барып оқиды деген сұраққа жауап берді

14.10.2020

«Болашақтың» 27 толқыны оқуға кетеді

21.09.2020

Жабайы сауданы заңдастырып, кәсіпкерге мүмкіндік беретін мекеме

17.03.2021