Бір жылда ұсталған браконьерлер

Malim Админ

  • 29.10.2020

2020 жылдың І жартыжылдығында еліміз бойынша мемлекеттік инспекторлар табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 3 748 оқиғасын анықтаған болатын. Үш мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке, 12 браконьер қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оларға айыппұл ретінде 44 млн теңге салынған, ал келтірілген залал 1,6 млрд теңгені құрады. Өкінішке орай, 2019 жылы браконьерлерге қарсы тұру кезінде үш инспектор қаза тапты.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Ішкі істер министрлігімен және Бас прокуратурамен бірлесіп 2019 жылы браконьерлік үшін жауапкершілікті күшейту бойынша қолданыстағы қылмыстық заңнамаға түзетулер енгізді.  Қылмыстық кодекске табиғатты қорғау инспекторлары мен қорықшылардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін қатаң жаза қарастыратын жеке бап енгізілді. Президенттің тапсырмасына сәйкес, табиғат инспекторларының ауыр еңбегін ескере отырып, инспектор мәртебесін көтеру жоспарланған. Осылайша, браконьерлікпен күресу үшін инспекцияларды қазіргі заманғы құралдармен  (арнайы техникамен, төс бейнекамераларымен, бронежелеттермен) қамтамасыз ететін жаңа нормативтер әзірленді.

Ал соңғы мәлімет бойынша, жыл басынан бері браконьерлік фактісі бойынша 117 қылмыстық іс, 6066 әкімшілік іс қозғалған. Сонда алғашқы жарты жылдықта жасалған қылмыстар санын алып тастасаңыз, соңғы жарты жылдықта (әлі жыл аяқталған жоқ) қылмыс көбейгенін көріп отырмыз. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мынандай хабарлама жасады.

«Бүгінгі таңда қоғам белсенділері мен экобелсенділердің қызу талқысында жүрген тақырыптың бірі – браконьерлік. Заңсыз аң аулап, табиғат пен мемлекетке өлшеусіз шығын мен қатер келтірушілерге қарсы күрес жыл он екі ай бойы үздіксіз жүргізілуде. Десе де биылғы 10 айда браконьерлік фактісі бойынша 117 қылмыстық, 6066 әкімшілік іс қозғалып үлгерген», - деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі. Биыл да браконьерлікпен күресті жалғастыру үшін мемлекеттік бюджеттен 845 012 млн теңге қаржы бөлінген. Сонымен бірге инспекторлар үшін 10 КамАЗ көлігі, 9 Toyota Land Cruiser автокөлігі, 2 Toyota Corolla автокөлігі сатып алынған. «Бұл шаралар браконьерлікпен күреске үлкен серпін беретіні сөзсіз. Браконьерлікті жеңу үшін онымен күресу аздық ететінін ескеру керек. Сондықтан Комитет тарапынан қоғаммен жұмыс та белсенді түрде жүргізілуде».

Қазір қоғаммен байланыс жақсы жолға қойылып келеді. Жануарлар дүниесі қорғауға әр азамат өз үлесін қосады.

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты