Жүз мектепте сүрінген Жансейіт Түймебаев бір университетті жарылқай ма?

Malim Админ

  • 05.02.2021

Бүгін жоғары оқу орындарындағы ректорлық лауазымға кандидаттарды анықтайтын Республикалық комиссияның отырысы өтіп, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры болып Жансейіт Түймебаев сайланды. Бұл туралы Мұрат Әбенов Facebook парақшасында жазды.

Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. ҚазГУ-дің түлегі. Мамандығы филолог. Мәскеуде заңды қосымша оқыған. Сыртқы істер министрлігінде, Президент протоколы қызметінде қызмет атқарған. 2006-2007 жылдары Ресейде елші болды. 2007-2010 жылдары  Білім және ғылым министрлігін басқарды. Осы жылдары «100 мектеп, 100 аурухана» салу науқаны жүрді. Мектеп құрылысын салу білім және ғылым министрлігінің құзыретіне жатпаса да, «100 мектептің» дұрыс салынбауына Жансейіт Түймебаев жауапты болып, министрліктен кетті. Кеткенде сонау Түркиядан бірақ шығып, 6 жылдай елші болды. Елшіліктен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып оралды. Облысты басқарған кезінде жұрт есінде шатқалға өспей қалған орман егіп есте қалды. Сосын, облысқа қарасты Шымкент қаласының жас және зың әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен ел алдында сөздері жараспай, араз абысындай көзге түсті. Дегенмен, Жансейіт Түймебаев тарихта Оңтүстік Қазақстан облысының соңғы әкімі, жаңа құрылған Түркістан облысының тұңғыш әкімі боп қалды. Алайда Ж. Түймебаевтың өзі тарихта аты-жөнін осылайша жазып қалдырам деп ойламаса керек. Себебі, сол күні әкім Ж.Түймебаев ұшақта Шымкент пен Астана арасында қалықтап жүргенде облысы тарап кеткен еді.

Сөйтіп, 2019 жылдан бері Қазақстан халықтар ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Президенті әкімшілігінің ҚХА хатшылығының басшысы болып,  достық пен татулықты насихаттап жүрген, Пайғамбар жасындағы Жансейіт Түймебаев бүгін басы даудан айырылмай тұрған Қазақ Ұлттық университетіне ректор болып тағайындалды. Білім және ғылым министрі ретінде министрлік жұмысын алға жылжыта алмаған Ж.Түймебаев ректор ретінде бір университетті өрге сүйрейді деп сенеміз.

Оқи отырыңыз: Мамин тартпаған  миллиард долларды Мұтанов қайдан тартсын?

Байланысты жаналықтар

Түймебаевтың ұлын атып өлтірген сарбаз сотталды

04.07.2023

Түймебаев қымбат әжетхана сатып алудан бас тартты

12.02.2021

Түймебаев бәрібір ректор болды

10.02.2021

Әжетхана дауынан кейін Түймебаев ректор болмай қалыпты

09.02.2021
MalimBlocks
Түймебаевтың ұлын атып өлтірген сарбаз сотталды

Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан Елнар Қансейіттің ісі бойынша әскери қызметкер алты жарым жылға сотталды.

Түймебаев қымбат әжетхана сатып алудан бас тартты

Түймебаев бәрібір ректор болды

Әжетхана дауынан кейін Түймебаев ректор болмай қалыпты