Пандемия әлі 7 жылға созылуы мүмкін

Malim Админ

  • 06.02.2021

Пандемия қашан аяқталады? Bloomberg ақпарат агенттігі бұл сұраққа жауап беру үшін вакцинациялау қандай қарқынмен жүріп жатқанын есепке алу керек дейді. Басылым вакцинация осы қарқынмен жүрсе, пандемияны толығымен жеңу үшін 7 жыл керек дейді.

Bloomberg қазір әлемде күн сайын 4,5 миллион адамға вакцина салынып жатыр, әрбір адамға вакцинаның екі дозасы салынады десек, Жер бетіндегі халықтың 75 пайызына вакцинаның екі дозасын салу үшін 7 жыл кетеді дейді. Басылым індеттің бетін қайтарып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін әлемдегі адамардың 75 пайызына вакцина егілуі керек деп жазады.

Bloomberg  пандемияның беті қашан қайтатынын анықтау үшін әр елде күн сайын қанша адамға вакцина егіліп жатқанын есепке алып, оны калькуляторға салған. Bloomberg әлем елдерінде вакцинаға қол жеткізуде теңсіздік байқалып жатыр дейді. АҚШ-та күніне 1,3 миллион адамға вакцина салынып жатыр. АҚШ-тың 75 пайыз халқына вакцинаның екі дозасын салу 11 айға созылады. Израильде бұл көрсеткіш жақсырақ, өйткені қазірдің өзінде Израиль халқының 21 пайызына вакцина салынды. Жалпы, бұл елде 100 адамға 58 доза вакцинадан келеді. Вакцинация қазіргі қарқынмен жүрсе, Израиль халқының 75 пайызына небәрі екі айдың ішінде вакцина салынады. Ал вакцинация баяу жүріп жатқан Канадада халықтың 75 пайызына вакцинаның екі дозасын салу 10 жылға созылуы мүмкін.

Дегенмен Bloomberg калькуляторы вакцинациялаудың қазіргі қарқынын ғана ескерген. Кей елдерде қазір баяу жүріп жатқан вакцинация тиісті келісімшарттар жасалған соң жылдам жүруі мүмкін. Мысалы, Канадада. Мемлекеттер вакцинацияны қарқынды жүргізе бастаса, Bloomberg болжамы да өзгермек. Ақпарат агенттігі жаппай вакцинация әр елде әртүрлі кезеңде басталды және әртүрлі қарқынмен жүріп жатыр, Еуропа елдерінде қазіргідей қарқынмен жүрсе, халықтың 75 пайызын вакцинациялау бірнеше жылға созылуы мүмкін дейді.

 

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Еуропа АҚШ-қа қарсы енгізілетін баж салығын 90 күнге шегерді

10.04.2025

Тоқаев Израиль Кнессетінің төрағасын қабылдады

08.04.2025

Еуропалық Eutelsat Украинада Starlink-ті алмастыра алмайды

07.04.2025

Газада 17 мыңнан аса бала қаза тапқан

06.04.2025

Тоқаев Еуропа одағының басшылығымен кездесті

03.04.2025

Әлем бойынша жаңа пандемия басталуы мүмкін - ДДСҰ

02.04.2025
MalimBlocks
Еуропа АҚШ-қа қарсы енгізілетін баж салығын 90 күнге шегерді

Тоқаев Израиль Кнессетінің төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Кнессетінің төрағасы Амир Охананы қабылдады

Еуропалық Eutelsat Украинада Starlink-ті алмастыра алмайды

Газада 17 мыңнан аса бала қаза тапқан

Палестина Білім министрлігі 2023 жылғы 7 қазаннан бастап Израильдің әскери әрекеттері салдарынан Газа секторында 17 мыңнан аса баланың қаза тапқанын мәлімдеді

Тоқаев Еуропа одағының басшылығымен кездесті

Әлем бойынша жаңа пандемия басталуы мүмкін - ДДСҰ