"Бізге адам деп қарап жатқан жоқ": Аналар мүгедек балаларымен бірге әкімдік дәлізіне түнеуде

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 02.03.2021

Аналар мүгедек балаларымен бірге Нұр-Сұлтан әкімдігіне түнеуде.

Мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналар бір күннен бері елорда әкімдігіне түнеуде. Тоғыз жасар баласымен бірге әкімдікке түнеп жатқан Қымбат Керейбайдың сөзінше, аналар мүгедек балаларымен бірге әкімдік дәлізінде жатыр. Осы уақытқа дейін олармен кездесуге әкім көмекшісі министр көмекшісінен басқа ешкім келмеген.

«Әкімдікке қонғанымызға бір күн болды. Бүгін екінші күн осында отырмыз. Біз он жыл бойы тонналап хат жаздық, ешнәрсе шешілмеді. Шыдамымыз таусылғаннан әкімдікке келдік. Әкімдіктен Сәуле Ордабаева деген кісі келді. Әлеуметтік сұрақтар бойынша бізге осы кісі жауап берді. Олар айтады, "хат жазыңыздар", "дөңгелек үстелге отырайық", "мәселелеріңіз шешіліп жатыр" дейді. Бірақ мәселені көтеріп жатқандарына 30 жыл болды. Ешнәрсе шешілген жоқ», - дейді Керейбай.

 

Қымбат Керейбайдың сөзінше, қазір заң бойынша мүгедек баласы бар ана өзі туған баланың анасы емес, қамқоршысы ғана. Аналар заңның осы тұсын өзгертуді талап етуде. Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі балаларға берілетін аяқ киім, коляска сияқты заттардың сапасы өте нашар. Сол себепті де аналар коляскалар бұзылса, өз қалтасынан жөндетуге мәжбүр.

«Біз өзіміз туып, өсірген балаларымызға ана емеспіз, қамқоршы ғанамыз. Бұл дегенің сұмдық. Бала 18-ге толғанда біз оның қамқоршысы, анасы екенімізді дәлелдеуіміз керек. Осы кезде берілетін жәрдемақыны тоқтатып тастайды. Біз сонда осы уақыт аралығында қалай өмір сүреміз? Қазір заң бойынша мен өз баламның анасы емеспін. Балаларымыздың мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, олар арнайы аяқ киім киюі керек. Оны үкімет береді. Бірақ ең нашарын береді. Қысқы аяқ киімі жұп-жұқа. Оны киюге жарамайды. Оны әкімге қанша рет айттық. Мүгедек коляскасының да ең арзанын береді. Оны төрт жылға береді. Бірақ ол төрт жылға жарамайды. Бір жылға жетпей ол сынып қалады. Оны өзіміз жөндейміз. Жөндеуге келмесе, басқасын өзіміз сатып аламыз», - дейді Керейбай.

Оқи отырыңыздар: Әкімдікке түнеген сегізінші күн: Көлгінов аналармен кездескісі келмей ме?

 

Бұдан бөлек, Керейбай аналар балаларымен бірге әкімдік дәлізінде жатқаннан бері билік өкілдерінің адам деп қарамағанын айтады.

«Кеше бір бөлме сұрап алдық. Біз әкімдіктің дәлізінде жатырмыз ғой. Суық, жел соғады. Менің осы мәселені көтеріп жүргеніме 10 жыл болды. Бұл мәселені 20 жылдап көтеріп жүрген аналар бар. Біз талабымыз орындалмайынша осында жатамыз. Бұл негізі шешілетін мәселе. Бірақ олар бұған селқос қарап жатыр. Бізге адам деп қарап жатқан жоқ», - дейді Қымбат Керейбай.

Қазір Нұр-Сұлтан әкімдігіне тоғыз ана мүгедек балаларымен бірге түнеуде. Олар Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі және қала әкімінің келуін талап етуде. Бірақ шаһар басшысы Алтай Көлгінов сол ғимараттың ішінде отырса да, әлі бірде-бір рет аналармен кездеспеген.

Оқи отырыңыздар: Аналар үш күннен бері Нұр-Сұлтан әкімдігіне түнеп жүр

Нұр-Сұлтан қаласында аналар 22 ақпаннан бері наразылық акциясына шығуда. Олар бастапқыда «Nur Otan» партиясының жергілікті бөлімшесіне барып, талаптарын айтқан. Бірақ билік партиясы оларға талаптарыңызды хат түрінде жолдаңыздар деген. Осыдан кейін аналар қарсылық акциясын қалалық әкімдікте жалғастырып, осында тоғыз күннен бері түнеуде.

Байланысты жаналықтар

Қазақстандағы айлыққа жұмыс істеуге робот та келмейді

24.11.2022

200 мыңнан астам астана тұрғыны тегін емделе алмайды

16.05.2022

Депутаттар “Нұр Отаннан” шығып жатыр

25.01.2022

"СК-Фармацияның" экс-басшысы сотталды

16.09.2021

Жаңатас Көлгіновтің отшашуын қайталады

12.07.2021

Қазақстан көше жөндеу үшін Қытайдан қарыз алмақ

30.06.2021
MalimBlocks
Қазақстандағы айлыққа жұмыс істеуге робот та келмейді

Ресми дерекке қарасақ, робот қойылған ірі және орта ұйымдар саны елде көбеюдің орнына азайып келеді

200 мыңнан астам астана тұрғыны тегін емделе алмайды

217 мыңнан астам астаналық МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған

Депутаттар “Нұр Отаннан” шығып жатыр

Семейлік екі депутат елдегі басқарушы партиядан көңілі қалғандарын айтып, өз еркімен партиядан кететіндерін мәлімдеді.

"СК-Фармацияның" экс-басшысы сотталды

Жаңатас Көлгіновтің отшашуын қайталады

Қазақстан көше жөндеу үшін Қытайдан қарыз алмақ